31.01.2013, 10:38 6720

Арнайы экономикалық аймақтар туралы заңға енгізілген өзгерістер қабылданды

Заң жобасы арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялар салу үшін қосымша ынталандыру жасауға және кедергілерді азайтуға бағытталған. Осыған байланысты, заң жобасында жекеменшіктегі жер учаскелері меншік илелерінен жалға алу есебінен жаңа арнайы экономикалық аймақтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарының аумағын кеңейту көзделеді.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялар салу үшін қосымша ынталандыру жасауға және кедергілерді азайтуға бағытталған. Осыған байланысты, заң жобасында жекеменшіктегі жер учаскелері меншік илелерінен жалға алу есебінен жаңа арнайы экономикалық аймақтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарының аумағын кеңейту көзделеді.

Бұдан басқа, заң жобасының нормалары арнайы экономикалық аймақты басқару тәжірибесі бар отандық және шетелдік тұлғалар үшін арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының тартымдылығын арттыруға бағытталған. Сенаторлар заң жобасын талқылай келе, құжатты қабылдау туралы шешім шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны