02.08.2007, 17:42 2694

Арнайы іс-шара аясында Павлодарда 9 қару-жарақ, Алматыда заңсыз сақталған 20 астам қару тәркіленді

АЛМАТЫ. 2 - тамыз. Kazakhstan Today. Арнайы іс-шара аясында Павлодарда 9 қару-жарақ, Алматыда заңсыз сақталған 20 астам қару тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне аймақтық құқық қорғау органдарынан хабарлады.

Атап айтқанда, Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің ақпараттарына сүйенсек, "Қару" республикалық жедел-профилактикалық іс-шара барысында облыс орталығы тұрғынының пәтерінен қолдан жасалған автомат табылған. Полицейлерді пәтер иесінің Павлодардағы бір ПИК-те аула тазалағыш болып істейтіндігі ойлантып тастады.

"Мұндай қаруды тек пәтер иесінің ұлы ғана жасауы мүмкін - 6 ай бұрын ол адам өлтіргені үшін сотталған, қазіргі уақытта қару соңғы уақыттардағы қастандық жасау мен адам өлтіруге қатысты мәліметтер базасымен салыстырылып жатыр, бұл "қолдан жасалған қару" Павлодарда немесе республиканың басқа аймақтарында да қолданылуы мүмкін",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. 42 жастағы аула тазалаушы әйел қазір қаладан шықпау туралы қолхатпен босатылған. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 251-бабы бойынша (қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) айып тағылуда.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпараттарына сүйенсек, "Қару" республикалық жедел-профилактикалық іс-шараны жүргізу кезінде Павлодар облысында 9 бірлік қару тәркіленген, ал 7 оқ пен 9 бірлік қаруды азаматтар құқық қорғау мекемелеріне өз еріктерімен тапсырған.

Сонымен қатар, Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қалада арнайы іс-шара жүргізген үш күн ішінде заңсыз сақталған 20-дан астам қару-жарақ тәркіленген.

"Тек соңғы тәуліктің өзінде жеті заңсыз қару сақтау және қару алып жүру дерегі тіркелген",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Атап айтқанда, Алмалы ауданында бірден үш еркек ұсталған. Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, 27 жастағы алматылықтан нөмірі өшірілген, калибрі 12 мм-лік шолақ мылтық тәркіленген. "Қаланың криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері сол кезде Мұратбаев көшесіндегі бір үйдің ауласынан бұрындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 179-бабы бойынша сотталған 26 жастағы жігітті ұстаған. Оны тінту барысында 5,6 мм калибрлі оқтармен ату үшін өзгертіп жасалған, барабанды газ тапаншасы табылған",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны