29.05.2008, 17:44 2679

"Арселор Миттал Теміртау" шахталарында болған барлық жарылыстарға еңбек ету жағдайын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамау себеп болған - Бас прокуратура

"Арселор Миттал Теміртау" шахталарында болған барлық жарылыстарға еңбек ету жағдайын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамау себеп болған - Бас прокуратура

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахталарында болған барлық жарылыстарға еңбек жағдайын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамау себеп болған. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Соңғы 4 жылда "Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахталарында болған 3 жарылыстан кейін 94 адам қаза болғаны белгілі. Барлық жарылыстардың негізгі себебі еңбек жағдайын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамағандықтан болғанын тексеру көрсетіп отыр.

Шахталарда жерасты құралдардың 70 пайызы толық тозған және оларды алмастыру қажет. Кейбір машиналар 1948-1952 жылдан бастап істеп келеді, ал олардың жұмыс мерзімі 20 жыл",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны