17.09.2019, 18:07 5909

Қарулы күштердің "әскери жүзгіштері" машықтылықтарын лагерлік жиындарда арттыруда

Атырау облысының Жайық өзені бойында арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің онкүндік лагерлік жиыны барысында судағы объектілерге диверсия ұйымдастыру сұрақтары пысықталды.

Нұр-Сұлтан. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарулы күштердің "әскери жүзгіштері" машықтылықтарын лагерлік жиындарда арттыруда.

Атырау облысының Жайық өзені бойында арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің онкүндік лагерлік жиыны барысында судағы объектілерге диверсия ұйымдастыру сұрақтары пысықталды.

Оқу жиындардың барысында әскери қызметшілер жеке және топ құрамында тапсырмаларды орындау, жүзу техникасын жақсарту, су бетіндегі жауынгерлік даярлықты жетілдіру және арнайы техника мен қару-жарақтарды қолдану кезіндегі машықтылықтарын арттырды.

Практикалық сабақтар Атырау қаласының маңындағы Жайық өзені бойында өткізілді. Аталмыш жиындардың басты басымдылықтары ретінде "Ротан" үрмелі қайығын қолдану, топтың қарсылас тылына шығу және су арнасы арқылы объектілерге диверсия жасау сұрақтары белгіленді.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Жеңіс Мараловтың айтуы бойынша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы әскери қызметшілері тиісті қару-жарақ пен құрал-саймандарын суда және су астында қолдану, төтенше жағдайларда әрекет жасау және сүңгу жұмыстарының негізін міндетті түрде білулеріқажет екендігін айтып өтті.

Жеңіл сүңгуір даярлығы бойынша лагерлеік жиындар барысында теориялық және практикалық бөліктер қарастырылған, ал осы жиындардың нұқсаушылары мен жетекшілері Әскери-теңіз Күштерінің базасында ұдайы түрде білімдері мен тәжірибелерін жетілдіріп отырады. Жуырда, "әскери жүзгіштер" Арыс өзенінен 40-қа жуық оө-дәрілерді алып шыққан болатын.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны