19.09.2019, 18:04 22189

"Ғарыш-экология" ҒЗО" РМК қызметкерлері "Бірге таза Қазақстан" экологиялық акциясына бірікті

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері "Бірге таза Қазақстан" экологиялық акциясына бірікті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері толық құрамда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мекемелік бағынышты ұйымдарымен бірлесе отырып жалпыреспубликалық "Бірге таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсене атсалысты, деп хабарлайды мекемедегілер.

Акция кезінде қызметкерлер Абылайхан даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы саябақ аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Еске сала кетейік, биыл ҚР Экология министрігі "Бірге таза Қазақстан" атты жалпыреспубликалық экологиялық акциясын жариялады. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен көптеген адамдар бірікті.

Бұл іс-шара экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

#Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық сенбіліктер ел көлемінде өткізілуде. Оларға еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер мен бей-жайлық таныта алмайтын ел тұрғындары атсалысуда.

Акцияны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен министрлер кабинетінің мүшелері қолдады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2001 жылы құрылған.

2012 жылға дейін кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің "Инфракос" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорны деп аталды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағындағы зымыран-ғарыштық іс-қызметтің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырумен айналысады.

Кәсіпорынның негізгі іс-қызмет саласы - зымыран-ғарыштық іс-қызметтің Қазақстан Республикасындағы қоршаған орта ахуалы мен тұрғындардың денсаулығына тигізетін кері әсерін бағалау, болжамдау және оны азайту бойынша нұсқаулар әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырып жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асырылатын зымыран ұшырылымдарының бағдарламаларының жобасын жасау, ұшырылымдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізуге қатысты ғылыми-зерттеу, жобалық және басқа да жұмыстарды жүзеге асырумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны