26.09.2019, 14:07 33096

"Ғарыш-экология" ҒЗО РМК қызметкерлері " Союз-ФГ " зымыран тасығышының бөлшектері құлаған жерлерде қоршаған орта нысандарынан сынама алуда

Қарағанды. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылған " Союз-ФГ " зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде қоршаған орта нысандарынан сынама алу жұмыстарын жүргізуде, деп Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшырылымның барлық кезеңдері қалыпты режимде жүргізілді.

"Зымыран тасығыштың барлық бүйір жақ блоктары Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №16,49 белгіленген құлау аймағының (Ю-25 аймағы) шегінде жерге құлады. 2019 жылдың 26 қыркүйегінен бастап " Союз-ФГ " зымыран тасығышының бүйір жақ блоктары құлаған жерлерде зерттеулер жүргізілуде, зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлердің географиялық кооординаттары анықталды, құлаған жерлер сипатталуда, бүйір жақ блоктар құлаған жерлердің ахуалдық схемасы жасалды",- деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, "Ғарыш-экология" кәсіпорнының қызметкерлері сондай-ақ, Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық тұрғыдан сүйемелдеу жұмыстарын да атқарады.

Арнайы жұмыстар кезінде зымыран тасығышқа жанармай құю кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырылады.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде, сәрсенбіде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19 сағат 57 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-15" пилотты ғарыштық кораблін алып " Союз- ФГ " зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Экипаж құрамында Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінің тұңғыш астронавты Хазза аль-Мансури бар, ол халықаралық ғарыш станциясында 8 күн болады. Экипаж құрамында сонымен қатар ресейлік ғарышкер Олег Скрипочка (командир), АҚШ астронавты Джессика Меир (бортинженер-1) бар.

2018 жылдың маусым айында Мұхаммед бин Рашид атындағы ғарыш орталығы Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінің тұңғыш астронавтын Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылымға әзірлеу және ұшыру жөніндегі келісімге Роскосмос агентігімен арада қол қойған болатын.

Бұдан бөлек, екі елдің мекемелері Қазғарышпен - Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігімен бірлесе отырып Байқоңыр ғарыш айлағындағы №1 ұшырылым алаңындағы "Гагарин старты" деген алаңды модернизациялау бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда.

Біріккен Араб Әмірліктері үшін мұндай ынтымақтастық ең алдымен ғарыш саласы бойынша теңдессіз тәжірибе жинақтау мүмкіндігін береді.

Айта кету керек, кеше "Гагарин старты" деген алаңнан " Союз- ФГ " зымыран тасығышының соңғы ұшырылымы жүзеге асырылды. Бұдан әрі №1 ұшырылым алаңы "Союз-2" тобының зымыран тасығыштарының ұшырылымдары үшін модернизацияланатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны