06.08.2019, 16:40 73910

"Ғарыш-экология" ҒЗО қызметкерлері "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Байқоңыр. 6 тамыз. Kazakhstan Today -"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері Жезқазған қаласында бүгін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің ғарыштық аппаратын алып Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде, деп Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2019 жылдың 6-тамызында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 3 сағат 56 минутта Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің ғарыштық аппаратын алып "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

"Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы қалыпты режимде жүргізілді.

Зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №25,15 белгіленген құлау аймағының (Ю-24 аймағы) шегінде жерге құлады.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында, Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында зымыран тасығышқа жанармай құю кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында құлау аймағында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті",- деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі.

Орталықтың хабарлауынша, "Протон-М" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде өсімдіктердің жану белгілері табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны