01.08.2019, 16:38 6217

"Ғарыш-экология" ҒЗО қызметкерлері "Союз-2.1а" зымыран тасығышының бүйір жақ блоктары құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Байқоңыр. 1 тамыз. Kazakhstan Today - "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері "Союз-2.1а" зымыран тасығышының бүйір жақ блоктары құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" хабарлайды, деп Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2019 жылғы 31-шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 10 минутта "Прогресс МС-12" көліктік-жүк кораблімен "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Жүк кораблінің ұшырылымы қалыпты жағдайда жүргізілді.

Зымыран тасығыштың барлық бүйір жақ блоктары Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан Ю-25 (РП-49,70) белгіленген құлау аймағының шегінде жерге құлады.

Аталмыш ұшырылым бойынша экологиялық сүйемелдеу жұмыстарына қатысушы "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы ресейлік тараппен бірлесе отырып "Союз-2.1а" зымыран тасығышының бүйір жақ блоктары құлаған жерлерде қоршаған орта нысандарына экологиялық тексеру жұмыстарын атқаруға кірісті", деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны