22.08.2019, 20:08 50287

"Ғарыш-экология" ҒЗО қызметкерлері " Союз-2.1а " зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Нұр-Сұлтан. 22 тамыз. Kazakhstan Today -"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылған " Союз-2.1а " зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде, деп Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

2019 жылдың 22-тамызында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9 сағат 38 минут 33 секундта "Союз МС-14" ғарыштық кораблін алып " Союз-2.1а " зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Ұшырылымның барлық кезеңдері қалыпты режимде жүргізілді.

Зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №49,70 белгіленген құлау аймағының (Ю-25 аймағы) шегінде жерге құлады",- деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Мекеменің ақпаратына сәйкес, кәсіпорын қызметкерлері Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық тұрғыдан сүйемелдеу жұмыстарын атқарды.

Арнайы жұмыстар кезінде " Союз-2.1а " зымыран тасығышына жанармай құю кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері құлау аймағында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті. Зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде өсімдіктердің жану белгілері табылған жоқ",- деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарланғанындай, бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағының №31 алаңындағы ұшырылым кешенінен 2019 жылдың 22-тамызында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9 сағат 38 минут 33 секундта "Союз МС-14" ғарыштық кораблі мен Федор роботын алып " Союз-2.1а " зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны