05.05.2020, 16:58 5044

Асқар Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

Үкімет басшысы бұрынғы министр Дәурен Абаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына жаңа министр - Аида Балаеваны таныстырды.

Үкімет басшысы бұрынғы министр Дәурен Абаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.

Асқар Мамин жаңа министрді таныстыра отырып, Аида Балаеваның ақпарат және ішкі саясат саласындағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары ол Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны