18.07.2014, 19:17 3118

Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны шамамен төрттен бірге азайды - Бас прокуратура

Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны шамамен төрттен бірге азайды, - деп мәлімдеді бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев I жартыжылдығы қызметінің қорытындысы бойынша ҚР Бас прокуротурасының кеңейтілген алқа отырысында.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны шамамен төрттен бірге азайды, - деп мәлімдеді бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев I жартыжылдығы қызметінің қорытындысы бойынша ҚР Бас прокуротурасының кеңейтілген алқа отырысында.

"2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,5%-ға азайды. Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны уақыт өткен сайын азаюда ( тиісінше 24,3% және 25,7%). Атап айтар болсақ кісі өлтіру 22,6%, тонау 27,9%, қарақшылық 49%, бопсалау 22,7% және бұзақылық 16,3% азайды", - дейді А.Дауылбаев.

Осы орайда ауыр жән аса ауыр қылмысты ашу деңгейі 11% және 4% ұлғайған.

Сонымен қатар қылмыстық істердің сотқа дейінгі кезеңінде прокурорлар тарапынан заңсыз ұсталған 954 тұлға босатылып, 586 адамға қатысты жедел-іздестіру шаралары тоқтатылды.

Арнайы прокурорлар тарапынан 292 күрделі және өзекті қылмыстық істер қаралып, соның 82-сі сотқа жөнелтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны