19.05.2017, 10:16 7496

Асанәлі Ишімовке Қазақстанныӊ Еӊбек Ері атағы берілді

Елбасы көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Ишімовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Актер, театр және кино режиссері Асанәлі Ишімовке Қазақстанныӊ Еӊбек Ері атағы берілді, - деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Ишімовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Мемлекет басшысы биылғы 12 мамырда Алматы қаласындағы М.Иуезов атындағы театрда мерейтой иесініӊ құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараныӊ жоғары деӊгейде өткенін атап өтті.

- Иріптестеріӊіз және зиялы қауым өкілдері Сіздіӊ қызметіӊізге жоғары баға берді. Біз 40 жылдан астам уақыттан бері таныспыз. Содан бері, әсіресе ел тәуелсіздігі қалыптасқан күрделі жылдарда әрдайым қолдауыӊызды сезініп келемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы А.Ишімовтіӊ шығармашылық қызметі Кеӊестер Одағы дәуірінде де лайықты бағаланғанын атап өтті.

- Сіз КСРО-ныӊ, Қазақстанныӊ халық әртісі болдыӊыз, еӊ жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталдыӊыз. Кино әлеміндегі Асанәлі Ишімовтіӊ есімін күллі Қазақстан мақтан тұтады. Сіз Қазақстандағы сан-салалы шығармашылық өнердіӊ саӊлағы атандыӊыз. Сондықтан елге керек қадірлі тұлға болып отырсыз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев А.Ишімовтіӊ театр мен кинодағы қазіргі табысты қызметін атап өтіп, жеке өзініӊ және мемлекет атынан алғыс білдірді.

- Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесіӊізді, еліміздіӊ әлеуметтік-гуманитарлық дамуы жолындағы орасан зор жетістіктеріӊізді, белсенді қоғамдық қызметіӊізді, сондай-ақ халқымыздыӊ тілегін ескеріп, мен Сізге Қазақстанныӊ Еӊбек Ері атағын беру жөнінде шешім қабылдадым. Соған орай "Алтын жұлдыз" белгісін табыс етемін, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттіӊ мәдениет саласын белсенді түрде қолдап келе жатқанына және өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласыныӊ кейбір тұстарына назар аударды.

- Осы жылдар ішінде мен Қазақстан мәдениетін назарымнан тыс қалдырған емеспін. "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Қазақстанда мәдениетті қолдау бағытындағы жан-жақты жұмыс ұдайы жүргізіліп келеді. "Астана опера", "Қазақстан" орталық концерт залы" сияқты нысандар салынып, жаӊа шығармашылық ұжымдар құрылды, еліміздіӊ барлық облыстарында театрлар жұмысы жолға қойылды. Мемлекет тек экономикамен ғана айналысып, өнерге қолдау көрсетпесе, бар күш-жігеріміз зая кеткенмен бірдей. Біз Қазақстанныӊ өнерін әлемге таныту және насихаттау үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Көрнекті қайраткерлерімізді бүкіл жұртқа таныстырып келеміз, - деді Қазақстан Президенті.

А.Ишімов Мемлекет басшысыныӊ ел үшін атқарып жүрген қызметін қолдайтынын және оны мақтан тұтатынын атап өтті.

- Біз гастрольмен және кино түсіру мақсатымен түрлі елдерге барамыз. Барлығы біздіӊ елдіӊ өзіӊіздей Президенті бар екеніне тәнті болып, есіміӊізді құрметпен атап жатады. Бүгін иеленген атақты аванс деп есептеймін. Біздіӊ жұмысымыз өзгеге үлгі болуға тиіс. Біз Сіздіӊ "Тек алға!" деген ұстанымыӊызға сүйенеміз. Сіз жүргізіп отырған саясатты толық мақұлдаймыз және қолдауыӊыз үшін алғыс айтамыз, - деді А.Ишімов.

Нұрсұлтан Назарбаев бізді жетістіктерге жетелеген осынау жүйрік уақыт ішіндегі еӊ басты табысымыз - Тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз екенін атап өтті.

- Жалпы, мен замандастарыма ризамын. Олардыӊ арасында көптеген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен жазушылар бар. Біз көп қиындықтарды бастан өткердік. Алдымызда халықты басқаша өмір сүруге үйрету міндеті тұрды. Көпшілігі бізді, елімізді қолдады. Солардыӊ арасында Сіз алдыӊғы қатарда тұрсыз, - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны