24.02.2015, 17:54 4296

Исет Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды

Айта кетейік, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соӊ қолданысқа енгізіледі.

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды. Осыған байланысты ҚР Үкіметініӊ қаулысы (2015 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулы) "Иділет" ҚР нормативтік құқықтық актілерініӊ ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаӊтардағы Қазақстан Республикасыныӊ Заӊы 1-бабыныӊ 8-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі Исет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындауға қаулы етеді", - делінген құжатта, деп хабарлайды inform.kz тілшісі

Айта кетейік, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соӊ қолданысқа енгізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны