10.09.2018, 21:25 4555

Исет Исекешев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігініӊ басшысы болып тағайындалды

Сондай-ақ, мемлекет басшысыныӊ жарлықтарымен: Иділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігініӊ басшысы қызметінен; Бағдат Құлтайұлы Иміреев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасыныӊ Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ жарлығымен Исет Исекешев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігініӊ басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Исет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігініӊ басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласыныӊ әкімі қызметінен босатылсын",- делінген жарлықта.

Сондай-ақ, мемлекет басшысыныӊ жарлықтарымен: Иділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігініӊ басшысы қызметінен; Бағдат Құлтайұлы Иміреев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасыныӊ Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны