27.04.2016, 16:38 3935

Асхат Дауылбаев ҚР Конституциялық Кеӊес мүшесі қызметіне тағайындалды

Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында палата депутаттары Асхат Дауылбаевты ҚР Конституциялық Кеӊесініӊ мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында палата депутаттары Асхат Дауылбаевты ҚР Конституциялық Кеӊесініӊ мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске сала кетейік, жақында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығымен Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуроры қызметінен босатылған болатын, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Конституцияға сәйкес, Парламенттіӊ әр палатасы ҚР Конституциялық Кеӊес мүшесін қызметке тағайындайды. Сонымен қатар, ҚР Конституциялық Кеӊес мүшесі қызметіне кандидатты палата төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов А. Дауылбаевтыӊ кандидатурасын ұсынған болатын.

А. Дауылбаев құқық қорғау саласында, оныӊ ішінде прокуратура органында көп жылдар бойы еӊбек еткен білікті әрі тәжірибелі тұлға. Ол 1987 жылы Свердловск заӊ институтын үздік бітіргеннен соӊ еӊбек жолын Алматы қаласыныӊ Октябрь ауданы прокуратурасында стажор, тергеуші, прокурордыӊ көмекшісі қызметінен бастаған. 1990-1994 жылдары Алматы қаласыныӊ бірқатар аудандарында прокурордыӊ орынбасары, Алматы қаласы төрелік сот төрағасыныӊ орынбасары секілді лауазымдарды атқарды.

1997 жыл ҚР Иділет вице-министрі болды. 2001 жылы ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары болып тағайындалып, ол қызметте 2011 жылдыӊ сәуіріне дейін қызмет жасады. 2011-2016 жылдары ҚР Бас прокуроры қызметін атқарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны