04.01.2023, 10:50 35536

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарды

Президент Дәурен Абаевты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатты
Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрлігін басқарды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оралов Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті.

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. - "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. - Астана қаласының "Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. - "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының" ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. - ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021-2022 ж.ж.- Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған Дәурен Абаев қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Бас прокуратура АrtSport бағдарламасында миллиардтан астам теңге ұрлық анықталғанын хабарлады. Тексеру барысында шын мәнінде ешқайда бармаған 6 мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға жалған ресімдеу арқылы 1,1 млрд теңгеге бюджет ақшасын ұрлау анықталды. Бірқатар өңірлерде (Алматы, БҚО, ШҚО және Маңғыстау облысы) оқушыларды оқытумен бұл үшін ешқандай біліктілігі мен білімі жоқ адамдар ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен спортпен байланысты емес адамдар да айналысқан.

Өткен жылдың шілде айында Мәдениет және спорт министрлігі МСМ-нің мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізуіне белсенділер қарсылық танытқаннан кейін Дәурен Абаевтың бұйрығының жобасын кері қайтарып алған болатын.

Кейін Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы жергілікті шенеуніктерді ArtSport бағдарламасы бойынша 10 миллион теңге ұрлады деп күдіктенетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында ArtSport бағдарламасын жүзеге асыруда көптеген бұзушылықтар анықталды. Алматы әкімдігі АrtSport бағдарламасы "өлі жандарды" тіркейтінін мәлімдеді. Қонаевта әкімдік қызметкеріне ArtSport бағдарламасы бойынша пара алғаны үшін 12 млн теңгеге айыппұл салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны