23.05.2024, 12:26 114236

АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр

2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжанып отыр, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Қазақстанда шегірткенің 270-тен астам түрі мекендейді, оның ішінде 10-15 түрі өте қауіпті болып табылады. Шегірткелердің ең қауіптісі - азиялық, мароккалық және итальяндық прус.

2024 жылы 2,5 млн га алаңда үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралуы болжануда, оның ішінде азиялық шегіртке - 186 мың га және Марокко шегірткесі - 281 мың га таралады деп күтілуде. Бұл ретте зиянкестер ең көп таралған облыстар: Ақтөбе - 784 мың га, Қостанай - 776 мың га және Түркістан - 271 мың га", - деді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Дархан Әбдікәрімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны