06.06.2014, 23:15 3381

АШМ қазақстандық 500 түлекті жұмысқа орналастырды

"Бізге ауыл шаруашылық саласының барлық бағыттары бойынша жұмыс істей алатын мамандар керек-ақ. Бүгінде ауыл шаруашылығы құрылымында 13 департамент бар", - дейді ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде "Жас маманға - ақ жол!" акциясын өткізу бойынша онлайн режимде видеоконференция өтуде. Оған Қазақстанның 7 аграрлық ЖОО-нан 462 түлек қатысуда.

Ведомство қызметкерлері орталық аппарат құрылымы, ауыл шаруашылығы саласының жұмысы, лауазымдық өсу мүмкіндіктері мен болашағы туралы әңгімелеп, қойылған сауалдарға жауап берді.

"Бізге ауыл шаруашылық саласының барлық бағыттары бойынша жұмыс істей алатын мамандар керек-ақ. Бүгінде ауыл шаруашылығы құрылымында 13 департамент бар", - дейді ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда барлық жүйе бойынша 205 бос жұмыс орны тұр.

Айта кету керек, қазіргі таңда министрлік өз құрамына жастарды көптеп тартуда. Сөзімізге дәлел болсын, статистика бойынша, 30 жасқа дейінгі қызметкерлер саны 87 болса, 30-40 жас арасындағылар саны 108, 40-50 аралығындағы мамандардың саны 35, ал 50 жастар үлкен 48 қызметкер еңбек етуде.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сай байқау процедурасы қорытындысы бойынша ЖОО үздік аяқтаған түлектер мемлекеттік қызметке араласпақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны