03.06.2014, 20:36 11230

АШМ нақты өнім түрлерін өндіру үшін өңірлердің мамандандыру кестесін әзірледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану аясында аудандардың мамандандыру схемасын әзірледі.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану аясында аудандардың мамандандыру схемасын әзірледі.

Схема ғылыми талдау негізінде республиканың жетекші аграрлық ғалымдардың қатысуымен, сондай-ақ халықаралық тәжірибе есебімен әзірленіп, жергілікті атқарушы органдармен келісілді, деп ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.

Сонымен, Схема еліміздің әкімшілік бөлінуіне сәйкес аудандарға дейін тереңдетіліп, басты факторларды талдау негізінде әзірленді. Олардың әр қайсысы жиынтық көрсеткіштерден тұрады, олар: табиғи-климаттық фактор және өндірістік фактор; өнімді өткізу мүмкіндігі.

Схема аясында әр әкімшілік аумақ үшiн өнімнің нақты түрлерін өнеркәсiптiк өндiру ұсынылады.

"Бұл жерде талдау қазіргі жағдайдың Схемадан айырмашылық бар екенін анықтағанын атап өткен жөн. Аймақтарға мамандандыру Схемасына аймақтық субсидиялау жүйесіне өткізуге уақыт беріледі. Өту жоспары облыстардың даму бағдарламаларымен қарастырылып, 2020 жылға дейін процесс аяқталуы тиіс", - деп хабарлайды ведомство.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны