07.02.2014, 19:01 4139

АШМ технологиялық және тұқымдық инспекция қызметін жергілікті атқарушы органдарға тапсырды

"Ауыл шаруашылығы министрлігінен мемлекеттік басқару органдары құзіретін бөлу аясында өңірлердегі жергілікті атқарушы органдарға технологиялық және тұқымдық инспекция қызметі тапсырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Ауыл шаруашылығы министрлігі технологиялық және тұқымдық инспекция қызметін жергілікті атқарушы органдарға тапсырды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінен мемлекеттік басқару органдары құзіретін бөлу аясында өңірлердегі жергілікті атқарушы органдарға технологиялық және тұқымдық инспекция қызметі тапсырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Қызметтерді тапсыру жұмысын жүргізу жергілікті атқарушы органдардың штаттарын нығайту арқылы толықтырылды. Атап айтар болсақ, өңірлер деңгейіне министрлік тарапынан 462 штат берілді.

Айта кету керек, орталықтан жергілікті жерлерге құзіреттерді беру арқылы жүргізілген мемлекеттік орталықсыздандыру жұмысы жергілікті мемлекеттік басқару деңгейін нығайтып қана қоймай, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырып, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару сапасын арттырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны