23.06.2019, 23:53 12436

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды

Олар алты Ветеринарлық сертификат бергені үшін жеке компания директорынан 120 мың теңге пара алды деп күдіктелуде.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шымкент қаласының ветеринариялық қызметі" МҚК ветеринариялық дәрігері арқылы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы басшысының м.а. пара алу фактісін анықтады.

Олар алты Ветеринарлық сертификат бергені үшін жеке компания директорынан 120 мың теңге пара алды деп күдіктелуде.

Кінәсін толық мойындауға байланыстыкүдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

https://youtu.be/mgUuI7mdBu4

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны