12.04.2017, 17:13 5126

Асқар Мамин ЭКСПО - 2017-ні өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияныӊ көшпелі отырысын өткізді

2017 жылғы 11 сәуір күні ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин ЭКСПО-2017-ге дайындық кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияныӊ (ВАК) көшпелі отырысын өткізді,- деп хабарлайды ҚР Премьер-министрініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 11 сәуір күні ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин ЭКСПО-2017-ге дайындық кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияныӊ (ВАК) көшпелі отырысын өткізді,- деп хабарлайды ҚР Премьер-министрініӊ баспасөз қызметі.

Отырыс барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органдардыӊ басшылары жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Қоғамдық тәртіп күзеті мен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, туындайтын мәселелерді шешіп, жедел басқару үшін бірқатар шаралар кешені қабылдандып, арнайы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардыӊ басшылары ішінен жедел штаб пен жұмыс тобы құралды.

ЭКСПО-2017 аумағында полиция бөлімшесі мен көрмеге жақын маӊда өрт сөндіру бөлімшесі ашылды. Көрменіӊ ашылуынан бір ай бұрын қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы жұмысын бастайды.

Жалпы қоғамдық тәртіп күзетіне 9 мыӊнан астам құқық қорғау қызметкерлері жұмылдырылады.

Сонымен қатар, көрме кешеніне кіреберістер металлодетекторлармен, рентген-телевизия қондырғыларымен жабдықталған. Осы жерде бейнеаналитика, бетті анықтау және келушілерді тіркеу жүйесі қолданылады.

ҚР Қаржы министрлігініӊ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып көрме кешеніне әкелінген барлық жүк пен тауарларды мобильді инспекциялық-тексеру кешендерініӊ көмегімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Көрме нысандарында бақылау жүргізіп, жедел әрекет ету мақсатында 2 мыӊнан астам бейнебақылау камералары орнатылған, ол Астана қаласы ІІД-ніӊ Жедел басқару орталығына шығарылған.

Белгілі болғандай, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдыӊ 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында өткізіледі. "Астан ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО-ныӊ негізгі нысаны, халықаралық павильонныӊ пайдалануға берілгендігін мәлімдеді. 125 ел мен 21 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растады. 88 ел жұмысқа кірісіп кеткен, ал тағы 13 мемлекет алдағы аптада жұмысқа кіріседі.

Ведомствоаралық комиссия отырысын қорытындылай келе Премьер-министрдіӊ Бірінші орынбасары А.Мамин, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша үлкен дайындық және ұйымдастырушылық жұмыстарыныӊ жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, көрме қонақтары мен қатысушыларыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екендігін айтты.

А.Мамин Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесініӊ аумағында құқық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін қарады.

Ол жаӊа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде, "Есіл" ауданы ІІБ-ныӊ полиция бөлімінде болып, Логистика орталығында көлік құралдарын тексеру тәртібімен, сондай-ақ, Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны