27.06.2018, 15:46 5648

Асқар Мамин Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді

Сапары барысында Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияныӊ бірінші отырысына қатысып, қаланыӊ даму жоспарымен танысты.

Түркістан. 27 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан облысыныӊ орталығы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапары барысында Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияныӊ бірінші отырысына қатысып, қаланыӊ даму жоспарымен танысты.

Жаӊа облыс орталығыныӊ даму жоспарымен таныстырған Ж.Түймебаев Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында арнайы штаб құрылғанын атап өтті.

Асқар Маминге сонымен қатар, жаӊа әкімшілік-іскерлік орталықты дамыту жобасы, жол, құрылыс инфрақұрылымдарын одан әрі жаӊғырту жұмыстары баяндалды.

Мәселен, жаӊадан жасалған бас жоспарға сәйкес қала аумағыныӊ көлемі 35 мыӊ гектарға ұлғайған. Ал Түркістан қаласыныӊ шығыс бөлігінен жаӊа қалашық салу үшін 670 гектар жер бөлініп отыр. Оныӊ 170 гектар болатын аумағына әкімшілік-іскерлік орталық салынса, 300 гектарына көп қабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Аталған қалашықта 65 мыӊға жуық тұрғын тұрады деп жоспарлануда.Сонымен қатар, жаӊа жоспарға сәйкес инфрақұрылымдық жүйелерді және көліктік-логистикалық бағытты дамыту жолдары қарастырылуда.

Бұдан бөлек, таныстырылым барысында "Көне Түркістан" тарихи бөлігін жаӊғырту жобасы туралы баяндалды. Жоба Қ.А.Яссауи кесенесі маӊындағы қорғандарды реконструкциялауға бағытталған. Көне Түркістан" жобасыныӊ негізгі идеялық мәнін іске асырудыӊ 2 нұсқасы ұсынылып отыр. Оныӊ біріншісі "Түрксой" ұйымына мүше елдердіӊ мәдени ошақтарын нақты тарихи сипатта, өзіндік сәулеттік нақышта қалыптастыру жөнінде жобалық ұсыныстарын алу және сол елдерге тиісті нысандарды салдыру. Екінші нұсқада түркітілдес елдер тарапынан инвестиция салу мәселесімен қатар отандық немесе басқа да инвесторларды тарту жұмыстары қоса жүргізу қаралған.

Қаланыӊ даму жоспарымен танысқан Асқар Мамин аталған жұмыстардыӊ орындалуы Үкімет тарапынан қадағаланатынын айтып, Мемлекет басшысы тапсырмасыныӊ тиісті деӊгейде жүзеге асыру үшін Үкіметтен мейлінше қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сапары барысында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан қаласы әкімдігініӊ жұмысымен және мемлекеттік қызметкерлерге арналған жатақханамен, сондай-ақ, қолданыстағы темір жол вокзалын аралап көрді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны