27.06.2018, 15:48 5372

Асқар Мамин Үкіметтік комиссияныӊ Түркістанды дамыту жайындағы 1-ші отырысын өткізді

Бас Жоспар екі кезеӊге бөлінеді. Бірінші кезеӊ - 2035 жылға дейін, екінші кезеӊ- 2050 жылға дейін. Биылғы қыркүйекке дейін Бас жоспардыӊ тұжырымдамасы әзірленеді. Үздік тұжырымдама анықталған соӊ, оны жүзеге асыруға байқау жарияланады.

Түркістан. 27 маусым. Kazakhstan Today - Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Үкіметтік комиссияныӊ Түркістанды дамыту жайындағы 1-ші отырысын өткізді.

27 маусымда Түркістанды дамыту жайындағы Үкіметтік комиссияныӊ алғашқы отырысы өткізілді.

Үкіметтік комиссия төрағасы 2018 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысыныӊ Түркістан облысын құру туралы Жарлығы -тарихи маӊызды құжаты жарық көргендігін атап өтті.

"Қасиетті Түркістан қаласы бүкіл түрік әлемініӊ мәдени-рухани астанасы, құтты мекені. Мемлекет басшысыныӊ стратегиялық шешімініӊ арқасында бұл аймақтыӊ өркендеуіне қарқынды серпін беріледі. Түркістан қаласыныӊ облыс орталығы ретінде өркендеп дамуы үшін барлық әлеуеті бар. Алдымен қаланыӊ Бас жоспарын дайындауымыз қажет. Түркістан қаласыныӊ қарқынды инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету керек",-деп атап өтті А. Мамин.

Комиссияныӊ алғашқы отырысында облыстық мемлекеттік органдарды Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесі, қаланыӊ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымыныӊ қазіргі жағдайы, Түркістан қаласы бас жоспарыныӊ тұжырымдамасын әзірлеу және өткізу, облыс экономикасыныӊ одан әрі даму мәселесі қаралды.

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтыӊ хабарлауынша,Мемлекет басшысыныӊ облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жөніндегі Жарлығын орындау мақсатында арнайы штаб құрылды. Икімшілік басқару орындарыныӊ көшіп орналасу жоспары жасалды. Өӊірді әлеуметтік-экономикалық дамытудыӊ негізгі бағыттары белгіленді. Негізгі энергетикалық инфрақұрылымдық нысандар, сумен қамту жүйелері, көлік - логистикалық желісі, қызмет көрсету мен туристік орталықтарды одан әрі дамыту жайы қаралды.

Түркістан қаласыныӊ дамуы жөнінде қала әкімі И. Өсербаев баяндады. Қаланыӊ Бас жоспары мен өӊірдіӊ экономикасын дамыту туралы Инвестиция және даму вице-министрі Қ. Өскенбаев, Ұлттық экономика вице-министрі А. Жұмағұлов баяндады.

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен облыс әкімшілігіне Шымкенттен Түркістанға көшу мәселесіне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Тиісті министрліктер мен мекемелерге Түркістан қаласыныӊ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы салалық бас нобайын жасауды бастау туралы тапсырма берілді.

2018 жылғы 12 -шілдеде Бас жоспардыӊ тұжырымдамасын дайындауға конкурс жарияланады. Конкурс екі айдыӊ ішінде өтетін болады. Халықаралық сарапшылар тобы құрылады. Конкурсқа қатысуға отандық және халықаралық сәулетшілер шақырылады.

Бас Жоспар екі кезеӊге бөлінеді. Бірінші кезеӊ - 2035 жылға дейін, екінші кезеӊ- 2050 жылға дейін. Биылғы қыркүйекке дейін Бас жоспардыӊ тұжырымдамасы әзірленеді. Үздік тұжырымдама анықталған соӊ, оны жүзеге асыруға байқау жарияланады.

А.Мамин Түркістан облысына сапары барысында Түркістанныӊ бірқатар инфрақұрылымдық нысандарын аралады.

Атап өтерлігі, Мемлекет басшысыныӊ Түркістан облысын құру жөніндегі тапсырмасына байланысты Бас жоспарды жасау жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары А. Маминніӊ басқаруыменТүркістан қаласын түркі дүниесініӊ мәдени және рухани орталығы ретінде дамытудыӊ Үкіметтік комиссиясы құрылған болатын.

ҚР Премьер- Министрініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны