13.10.2016, 11:16 4491

Асқар Мырзахметов Ислам даму банкініӊ өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Сауд Арабиясына ресми сапарын даярлау аясында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ислам даму банкі Президентініӊ міндетін атқарушы А.Тиктикпен кездесті.

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Сауд Арабиясына ресми сапарын даярлау аясында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ислам даму банкі Президентініӊ міндетін атқарушы А.Тиктикпен кездесті, деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары А.Мырзахметов және Ислам даму банкі Президентініӊ міндетін атқарушы А.Тиктик Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкініӊ арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"Банк пен "Астана" халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум ислам банкингініӊ дамуына серпін беріп, Ислам даму банкініӊ оӊды тәжірибесін зерттеп зерделеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Бұдан әрі ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары және Ислам даму банкі Президентініӊ міндетін атқарушы азық-түлік қауіпсіздігі және Қазақстан өӊірлерініӊ инфрақұрылымдарын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 11-12 қазанда Елбасы Н.Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов басқарған Үкіметтік делегация Сауд Арабиясына барған болатын.

Елбасыныӊ тапсырмасымен қазақстандық делегация Эр-Рияд қаласына 11 қазанда келді.

Үкіметтік делегация Сауд Арабиясыныӊ Үкіметі және ауыл шаруашылығы компаниялары өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Сауд Арабиясы Қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрі Ибдельрахман әл-Фадли, Инвестиция және сауда министрі Мәджид Ил Кәсәби және Қоғамдық инвестициялық қоры басшылығымен кездесулері болып өтті.

Іс-шараға қатысушылар үстіміздегі жылдыӊ қазан айыныӊ соӊында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтыӊ Сауд Арабиясына ресми жұмыс сапарын даярлау аясында ҚР және СА арасындағы сауда экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеӊейту мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны