20.04.2018, 22:51 5422

Асқар Шәкіров Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясыныӊ 13-сессиясына қатысты

Асқар Шәкіров Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ (ИЫҰ) Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясыныӊ 13-сессиясына қатысты

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ (ИЫҰ) Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясыныӊ 13-сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Отырыстыӊ күн тәртібі мұсылман әлеміндегі әйелдер мен балалардыӊ құқықтарын дамыту, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер жағдайында ИЫҰ Исламдағы бала құқықтары туралы пактісін жетілдіру мәселелерін қамтиды.

Қатысушы мемлекеттердіӊ баланыӊ шығу тегіне және дініне қарамастан кемсітушіліктіӊ барлық түрінен қорғау жөнінде шараларды қабылдау, сондай-ақ, жаһандық және өӊіраралық қарулы жанжалдар мен қақтығыстар жағдайында балаларды қорғау нормаларын күшейту қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды.

Ашық талқылау барысында ҚР Омбудсмені әріптестеріне заӊнамалық базаны және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, мемлекеттік органдардыӊ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ ұлттық заӊнамаларда тиісті халықаралық нормалар мен стандарттарды енгізу мәнмәтінінде Қазақстандағы балалардыӊ құқықтарын көтермелеу бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Бірқатар құқық қорғау бағыттарында, атап айтқанда, гендерлік теӊдікті қамтамасыз етуге және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерінде қазақстандық тәжірибені тарату үшін ұсынылғаны атап айтылды.

Осыған байланысты сессияда қаралған құжат жобасына бірқатар нақты ұсыныстар айтылды.

ИЫҰ Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясын құру туралы шешімі және оныӊ Жарғысы 2011 жылғы 30 маусымда Астана қаласында ИЫҰ Сыртқы істер министрлері Кеӊесініӊ 38-сессиясы барысында қабылданды. Комиссия мұсылман елдерініӊ адам құқықтары саласындағы беделді тұлғалардан тұратын 18 мүшеден құралған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны