06.05.2015, 23:10 4420

Асқар Жұмағалиев "ҚазАтомӨнеркәсіп" басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасыныӊ энергетика министрі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы Владимир Школьник және "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ныӊ ұжымына ұлттық атом компаниясы басқармасыныӊ жаӊа төрағасы, бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевты таныстырды, деп хабарлады компанияныӊ қоғаммен байланыс департаментінен

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ энергетика министрі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы Владимир Школьник және "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ныӊ ұжымына ұлттық атом компаниясы басқармасыныӊ жаӊа төрағасы, бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевты таныстырды, деп хабарлады компанияныӊ қоғаммен байланыс департаментінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ кандидатурасы Директорлар кеӊесініӊ кезектен тыс отырысында мақұлданып, Қазақстан Республикасыныӊ үкіметімен келісілген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Владимир Школьник айтып өткендей, Асқар Жұмағалиев 2006-2010 жылдары Қор компаниялары тобындағы "Қазақтелеком" АҚ президенті болып, қажетті құзыретке ие жоғары білікті менеджер, кәсіби басшы және білімді маман ретінде өзін таныта білді. Мемлекеттік және халықаралық наградалармен, "Құрмет" ордені және Ю. Гагарин атындағы алтын медальмен марапатталған.

- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Қазақстан ғана емес, әлем чемпионы. Компания уран өндірісі көлемініӊ 40% қамтамасыз етіп отыр, қаржылық көрсеткіштері де тәуір. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті мен Үкіметініӊ тапсырмасы, компанияныӊ стратегиясы бар, олардыӊ бәрін іске асыру қажет, - деді В. Школьник.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысыныӊ үлкен сенімін ақтауға тырысып, алға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық білімі мен тәжірибесін жұмылдыратынын айтты.

- Досымныӊ орнына қызмет істеуге келгенімді сезінудіӊ өзі ауыр. Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровпен үкіметте бірге қызмет атқардық, бір бірімізге көмектестік. Топырағы торқа болсын. Біз Нұрлан Қаппаров бастап кеткен жұмысты жалғастыруымыз керек. Мемлекет басшысы қолдаған стратегияны орындауға тиіспіз. Бұл жол әрине, жеӊіл болмайды, бірақ біз осы стратегияны іске асыруға міндеттіміз, - деді Асқар Жұмағалиев.

Асқар Жұмағалиев - Свердловск Суворов әскери училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заӊ университетін және Швейцария федералдық технологиялар институтын (Лозанна қ.) бітірген.

Ир жылдары "Жарық" ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасыныӊ Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меӊгерушісі, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасыныӊ бірінші орынбасары, төрағасы, "Қазақтелеком" АҚ президенті болды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасыныӊ байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.

"ҚазАтомӨнеркәсіп" - Ұлттық атом компаниясы уран, сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшін ядролық отын, арнайы жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдардыӊ импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық операторы. Компанияныӊ 100% акциясы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры атынан мемлекетке тиесілі.

Компанияныӊ жалғыз акционері - "Самұрық-Қазына" АҚ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны