26.05.2015, 14:57 3954

Искер қатарына жаӊадан алынған 50 сарбаз отыз күндік жас жауынгер курсын бастады

Гвардейск гарнизоныныӊ инженерлік-саперлік полкі Ақмола облысынан келген 50 жас сарбазбен толықты. Искери бөлім командирі подполковник Мұрат Жүсіпов жас сарбаздарды күтіп алды. Олар үшін салтанатты қабылдау, бөлімніӊ аумағы және маӊызды объектілері бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Гвардейск гарнизоныныӊ инженерлік-саперлік полкі Ақмола облысынан келген 50 жас сарбазбен толықты. Искери бөлім командирі подполковник Мұрат Жүсіпов жас сарбаздарды күтіп алды. Олар үшін салтанатты қабылдау, бөлімніӊ аумағы және маӊызды объектілері бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еӊ басында әрине қиын - жаӊа жағдай, жаӊа ұжым, оныӊ үстіне жасөспірімдер үйлерінен шалғай жерде болады. Сондықтан бұл кезеӊде жас сарбаздардыӊ моральдық-психологиялық жай-күйіне біз ерекше көӊіл бөлетін боламыз", - деп, инженерлік-саперлік полк командирініӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Қылыш Илішеров атап өтті. - "Біз әрқайсысыныӊ өмірбаянын егжей-тегжейлі зерделейміз, жақынырақ танысамыз, сарбаздармен әӊгімелесеміз және оларға бейімделу кезеӊіненжақсы өтуге қол ұшын береміз". Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сарбаздар әскери ғылымныӊ негізін меӊгеруге кірісті. Оларды жас жауынгердіӊ отыз күндік курсы күтуде. Шара барысында жастар саптық, тактикалық дайындықтан өтіп, жалпыәскери жарғыларды зерделеуге кіріседі және белсенді дене даярлығын бастайды. Сонымен қатар, атыс қаруыныӊ тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысып, газтұмшаларды және жалпыәскери қорғаныс жиынтықтарын киюді үйренеді.

Бір жыл бойы жасөспірімдер үйі мен отбасынан алшақта өткізеді. Бірақ, олар өздерініӊ туысқандарына хат жаза алады, қызмет туралы әӊгімелеп, әскер туралы әсерлерімен бөлісе алады. Осы мақсатта бөлімде қажетті кеӊсе керек-жарақтары мен конверттер сатып алынды.

Көктемгі шақырылым бойынша ірі әскери құрамалардыӊ бірі - "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшгылығына қарасты "Отар" 40-шы әскери базасы 200-ден астам жаӊадан келген сарбаздарды қызметке қабылдайды. Жас толықтыру мұнда Ақмола, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Маӊғыстау және Солтүстік-Қазақстан облыстарынан келеді.

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери бөлімдері өзге өӊірлерде осы көктемде шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаздармен толықтыруды жалғастыруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны