15.05.2015, 13:19 3749

Искери қызметшілер 3D-жабдығында әскери техниканыӊ бөлшектерін өндіруді меӊгереді

Қазақстандық әскери қызметшілер 3D-жабдығында әскери техниканыӊ толық және жеке үлгілерін құрастыруды меӊгеруде. Бұл ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетініӊ базасында құрылған инженерлік-техникалық нұсқадағы жаӊа жоғарғы технологиялық зертхананыӊ арқасында мүмкін болып отыр

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық әскери қызметшілер 3D-жабдығында әскери техниканыӊ толық және жеке үлгілерін құрастыруды меӊгеруде. Бұл ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетініӊ базасында құрылған инженерлік-техникалық нұсқадағы жаӊа жоғарғы технологиялық зертхананыӊ арқасында мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған 3D-жабдығы кез-келген объекті оныӊ 3D-редакторыныӊкөмегіменманипулация мүмкіндігі арқылы көшіріп алып, жаӊартып жасай алады. Бұл күрделі үлгілерді құрастырып шығару және жетілдіру кезінде барынша жоғары деӊгейде шолу жасауға мүмкіндік жасалған. Бұл жерде қажетті нұсқалар және қызметтік үлгідегі прототиптерді құрастырып, олардыӊ зерделеуге, сондай-ақ толық іс жүзінде пайдалануға болады.

Аталған зертхана - қорғанысты-өндірістік кешендегі жаӊартылған өнімдерді пысықтау және әскери техника үлгісіндегі қару-жарақты жаӊартуға арналып жабдықталған база. Сонымен қатарзертхана тез арада өндірістікнұсқадағы және тікелей үлгілерді қолдану аясында білікті мамандарды даярлау мақсатында қызмет етеді.

Қазіргі кезде аталған 3D-нұсқаларын жасау дамыған мемлекеттерде қарқынды түрде қолданысқа еніп келеді. Атап айтсақ, Airbus неміс концерні осындай зертханаларда бірнеше жыл бойы ұшақтарға арналған бөлшектерді сәтті даярлап келеді. Осындай бұйымдардыӊ бірі - А380 ұшағына арналған кронштейн. Бұл бөлшек қолдаушы элементтері бар, бірнеше қатты қабырғалы күрделі нұсқадағы алып бұйым болып табылады. 3D-нұсқаларын жасау өндірісті айтарлықтай жеӊілдетіп, еӊ күрделі деген нұсқалардыӊ дәлме-дәл көшірмесін өндіріп шығарады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны