04.05.2015, 14:19 3179

Искери қызметшілер Жеӊіс эстафетасын Қазақстанныӊ қалаларында алып өтті

Астана, Алматы, Өскемен және Тараз гарнизондарыныӊ әскери бөлімдері мен мекемелерініӊ әскери қызметшілері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған ауқымды эстафетаға қатысты

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Астана, Алматы, Өскемен және Тараз гарнизондарыныӊ әскери бөлімдері мен мекемелерініӊ әскери қызметшілері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған ауқымды эстафетаға қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ресей Федерациясыныӊ әскери қызметшілеріненқабылданған Жеӊіс эстафетасыеліміздіӊ шығыс өӊірі арқылы Қазақстанныӊ түрлі қалаларынан қатысушы әскери қызметшілерге салтанатты түрде беріліп отырды. Осы орайда эстафета он екі күн ішінде Өскемен, Астана, Алматы және Тараз қалаларында болды. Іс-шараныӊ соӊы "Қордай" өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) эстафетаны Қырғыз Республикасыныӊәскери қызметшілеріне табыс етумен аяқталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жеӊіс эстафетасы жүріп өткен жолда орналасқан елді мекендердіӊ тұрғындары қатысушыларды қуана қарсы алып жатты. Эстафета жүріп өткен жерлерде мерекелік іс-шаралар, концерттер ұйымдастырылды.

Жеӊіс эстафетасы - Қазақстан, Қырғызстан және Ресей әскери қызметшілерін біріктірген ауқымды оқиға. Бұл өскелеӊ ұрпаққа Ұлы Отан соғысындағы батыр бабаларымыз жасаған ерліктідәріптеу, сондай-ақ біздіӊ бейбіт болашағымыз үшін сұрапыл соғысты бастан кешкен ҰОС ардагерлеріне тағзым ету болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны