30.04.2015, 21:45 6851

Искери музыканттар Астана көшелерінде концерт өткізді

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Орталық ансамблініӊ музыканттары мен бишілері "Жеӊісті жырлаймын" атты ерекше акция өткізді

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрлігініӊ Орталық ансамблініӊ музыканттары мен бишілері "Жеӊісті жырлаймын" атты ерекше акция өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі қабатты экскурсиялық автобуспен ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблініӊ әртістері елорданыӊ көрнекті көшелерін аралай жүріп концерт қояды. Ол Ақжол көшесі - Абылай хан даӊғылы - Қабанбай батыр даӊғылы ("Азия парк" СОО) - "Бәйтерек" монументі - Ақжол көшесі бағыттарында өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы орайда ҚР ҚМ Орталық ансамблініӊ әртістері Астана көшелерін аралай жүріп жол бойы олар соғыс жылдарындағы танымал әндер мен билерді орындады, сондай-ақ өз бағыттары бойынша тоқтаған әр пунктте кішігірім әскери-патриоттық концерт өткізіп елорда тұрғындары мен қонақтарына шарлар мен ҚР Қарулы Күштерініӊ бейнесі бар базарлықтар таратты.

"Жеӊісті жырлаймын" акциясы елорда қонақтары мен тұрғындары үшін ерекше тосын болып қана қоймай астаналықтар мен барлық қазақстандықтарға жақын қалған мерейтой күнін тағы бір мәрте еске салып отансүйгіштік рухты көтеруге ықпал етті. Осы мақсатта қазіргі уақытта еліміздіӊ барлық аумақтарында өткізіліп жатқан осындай акциялар ҰОС ардагерлеріне арнап көрсетілген ілтипаттыӊ бір бөлігі болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны