03.04.2015, 19:44 3619

Искери полиция қызметініӊ кинологтары шатырлар лагерін күзетуге тартылды

Астанаға алдағы өтетін әскерлер парадына дайындалу және қатысу үшін Қазақстанныӊ түрлі өӊірлерінен келген әскери қызметшілер орналасқан шатырлар лагерін тәулік бойы күзетуді ҚР ҚК Искери полиция бас басқармасыныӊ жасағы ұйымдастырды

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Астанаға алдағы өтетін әскерлер парадына дайындалу және қатысу үшін Қазақстанныӊ түрлі өӊірлерінен келген әскери қызметшілер орналасқан шатырлар лагерін тәулік бойы күзетуді ҚР ҚК Искери полиция бас басқармасыныӊ жасағы ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қалашықта бақылау-өткізу пункттері қойылды. Искери полиция лагердегі барлық жағдайды тәулік бойы бақылап отырады, осы орайда күзет бағыттары күзет ұйымдастырылып, қару-жарақ пен әскери техника орналасқан жерлерге күшейтілген күзет қойылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Күндіз әскери қызметшілер кезекшілікке түседі, түнде ол күшейтіледі. Өздерініӊ әріптестеріне көмекке кинологтар келді. Олар аймақты қызметтік иттермен күзетеді.

Сонымен қатар ҚР ҚК әскер түрлері мен тектері және басқа да бөлімшелердіӊ әскери қызметшілері, әскери оқу орындарыныӊ курсанттары өз шатырларыныӊ маӊында күн сайын кезекшілік атқарады.

Қалашықтан өзге әскери полиция қызметшілері жаттығу орындарына жеке құрам мен техника лектерініӊ жүру бағыттары бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жаттығу өткізілетін жер де жан-жақты бақылауға алынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны