04.12.2013, 18:39 2925

Искери полиция органдары 2013 жылғы қызметін қорытындылады

Астанада ҚР Қарулы Күштері Искери полиция бас басқармасының базасында әскери полиция органдары басшылық құрамымен 2013 жылғы қызметтің қорытындысын шығару бойынша жиын өткізілді.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада ҚР Қарулы Күштері Искери полиция бас басқармасының базасында әскери полиция органдары басшылық құрамымен 2013 жылғы қызметтің қорытындысын шығару бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында әскери полиция өңірлік бөлімшелері басшыларына арнаулы киім-кешектің, арнайы құралдардың жаңа үлгілері көрсетіліп, қозғалатын объектілерді спутниктік мониторингілеу жүйесінің жұмыс істеу принциптері, құқық тәртібін есепке алудың ақпараттық жүйесі және арнаулы есепке алудың бірыңғай жүйесі таныстырылды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, олардың алдын алу, әскери полиция органдары қызметінің басым бағыты болып табылды.

Келесі жылы олардың алдында әскер ортасында құқықтық тәртіпті қолдау, нәтижелілік пен жеделдікті арттыру, әскери тәртіптің жай-күйін сапалық жақсарту жөніндегі міндеттер тұр.

Тұңғыш Президент күні құрметіне осы күні ҚР ҚК Искери полиция бас басқармасының бастығы полковник Тимур Дәндібаев әскери полиция органдарының бастықтарына жаңа автомашиналардың кілттерін табыс етті. 2 "SsangYong" жолсыз жерде жүруге арналған көлігі, 5 "Газель" микроавтобусы және 16 "Нива"жеңіл автокөлігі әскери полиция органдары бөлімшелерінің қызметтік машиналар паркін толықтырды.

Искери полиция әрқашан заңдылық пен құқық тәртібінің, әскери қызметшілер құқықтары мен мүдделерінің қорғаны болады. Біз алдымызға қойылған кез-келген міндетті орындауға әзірміз. Искери полиция әскери қызметшілерінің қызметі бұдан әрі де патриотизм, Отанымызға қалтқысыз қызмет ету, ант пен әскери борышқа адалдық, жеке тәртіптілік пен өзін-өзі жетілдіру сияқты ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізілетініне сенімдімін, - деп атап өтті полковник Тимур Дәндібаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны