Система Orphus

Искери теӊізшілер 30 күндік даярлық курсынан өтуде

09.06.2015, 09:35 3315

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - Ақтау гарнизонында 29011 әскери бөлімініӊ оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері жағалық бөлімшелері мен корабльді құрамдары кіші мамандарыныӊ жиындары өрістетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Теориялық және практикалық сабақтардыӊ 30 күндік бағдарламасы сүӊгуірлік түсулерді қамтамасыз ететін атқыштарды, техник-жүргізушілерді, ЖЖМ қызметініӊ мамандарын, радио және спутниктік байланыс аға мамандарын, жылжымалы рекомпрессиялық станциялардыӊ жүргізушілерін, сондай-ақ зымырандық-артиллериялық қару-жарақ, штурмандық жауынгерлік бөлім мен байланыс мамандарын даярлауды көздейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Каспий теӊізініӊ қазақстандық су айдынында тұрған осы жиындардыӊ арқасында Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ әскери қызметшілері шеберліктері мен кәсіби сәйкес келуін растап қана қоймай, біліктілігін арттыратын болады.

Еске салсақ, былтырғы жылы Ресей теӊізшілерімен бірлесе Қазақстанныӊ су айдынында ірі оқу-жаттығулар өткізілді. Маневрлерді басқару қазақстандық қолбасшылықпен жүзеге асырылды. Ресейлік әріптестеріміз біздіӊ теӊізшілердіӊ дайындығын жоғары бағалады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны