27.05.2015, 10:50 3626

Искери-көлік авиациясыныӊ ұшқыштары топырақты ұшу-қондыру жолағын меӊгерді

Осы аптада Ан-72 тікұшағы әскери-көлік авиациясыныӊ ұшқыш-инспекторы полковник Орынбасар Жүнісовтіӊ басқаруымен 7,5 тонна жүкпен Балқаш әуеайлағыныӊ топырақты ұшу-қондыру жолағына отырғызуды жүргізді

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Осы аптада Ан-72 тікұшағы әскери-көлік авиациясыныӊ ұшқыш-инспекторы полковник Орынбасар Жүнісовтіӊ басқаруымен 7,5 тонна жүкпен Балқаш әуеайлағыныӊ топырақты ұшу-қондыру жолағына отырғызуды жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Топыраққа қондырудыӊ өзініӊ ерекшеліктері бар екенін атап өткен жөн. Жолақтыӊ ұзындығын, топырақтыӊ беріктігін, үстіӊгі беттіӊ кедір-бұдырларын, ауа райы жағдайын, әсіресе, жауын-шашынды, сондай-ақ заттаӊбаныӊ болмауы мен жүктіӊ салмағын ескеру қажет. Жоғары кәсібилік пен ұшу дағдыларын көрсете отырып, ұшқыштар қойылған міндетті орындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аэродинамикалық ерекшеліктердіӊ арқасында Ан-72 ұшағы қысқартылған ұшыру мен қондыруды орындауға мүмкіндік береді. Қанаттыӊ үстіӊгі бөлігінде қозғалтқыштарды орнату ұшыру және қондыру кезінде өзге заттардыӊ тиюін болдырмайды.

Топырақты жолақтарға қондыруды пысықтау әскерлер мен жүктерді жеткізу бойынша ҚР ИИК әскери-көлік авиациясын қолдану мүмкіндіктерін кеӊейтуге мүмкіндік береді.

Искери-көлік авиациясыныӊ ұшқыштары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес топырақты ұшу-қондыру жолағына қондыру мен ұшыруды пысықтағанын атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны