Астана 2028 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресін қабылдайды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Фейсал Әл-Кахтанимен кездесуі барысында 2028 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің келесіне дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар сондай-ақ Эр-Риядта өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің алдағы конгресін талқылады. Қазақстан Конгресті басым жобаларды ілгерілету, іскерлік байланыстарды кеңейту және мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң ретінде қарастырады.
Кездесуде Қазақстан мен Сауд Арабиясының ОПЕК+ аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және заманауи "жасыл" технологияларды енгізу мәселелеріне аса назар аударылды.
Ақкенженов екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың және әлемдік энергетика нарығын дамыту мәселелері бойынша ұстанымдарды үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
Бұған дейін ОПЕК+ елдері қазан айына арналған мұнай өндіру көлемін сақтап қалғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

