13.02.2014, 19:21 10689

Астана әкімдігі мен Густав Русси атындағы француз онкология институты әріптестік ынтымақтастықты нығайтуда

Одан басқа тараптар ауруды диагностикалау және емдеу саласындағы инновациялық технологияларымен тәжірибе алмасуға, бірлескен семинарлар, шеберлік сыныптары, кеңестер өткізу, оның ішінде телемедицинаны пайдалану, бірлесіп ғылыми конференция жұмыстарына қатысуға келісті.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Институттың бас директоры Александр Еггермонт стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қала әкімдігінде хабарлағандай, құжат Астана қаласындағы онкологиялық қызметті әрі қарай дамыту үшін халықаралық диагностика және емдеу стандарттарын енгізу және онкологиялық

патологияларды алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, елорда мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Одан басқа тараптар ауруды диагностикалау және емдеу саласындағы инновациялық технологияларымен тәжірибе алмасуға, бірлескен семинарлар, шеберлік сыныптары, кеңестер өткізу, оның ішінде телемедицинаны пайдалану, бірлесіп ғылыми конференция жұмыстарына қатысуға келісті.

Меморандум Елорданың онкологтарына халықаралық тәжірибеге сәйкес химиотерапиямен емдеу саласында инновациялық технологияларды енгізуге, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік бағдарламаларды ұйымдастыруды жақсартуға, ауруды емдеудің жаңа әдістерін жасап шығаруға және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың өмірлік сапасын жақсартуға, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін іске асыру мақсатында онкологтар үшін оқыту бағдарламаларын енгізуге көмектеседі.

Сондай-ақ меморандум шеңберінде алдыңғы қатарлы иммундық-гистохимиялық зерттеу әдістерін енгізу, онкологиялық аурулардың патоморфологиялық диагностикасын дамыту және бұлтты технологиялар негізінде ақпараттық қамтамасыз етуді тарту жоспарлануда.

Густав Русси атындағы онкология институты 1921 жылы обыр институты ретінде қаланып, Еуропада алғашқы канцерология орталығы болып саналады. 1950 жылдан бастап өз негізін салушысының атымен аталған. 2005 жылы Институт әртүрлі радиотерапия, брахитерапия, радиохимиотерапия, операциялық химиотерапия түрлері, радио толқындар арқылы ісіктерді күйзелту жолымен емдеу секілді кейінгі жоғары технологиялық диагностикалау және емдеу әдістерін енгізуші әлемдік референс-орталықпен таңдалған.

Институттың құрамында 11 жоғары технологиялық ғылыми зертханалар, 2300 астам жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, жыл сайын 200 000 дейін кеңестер беріліп, жылына шамамен 12 900 стационарлық науқастарға қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күні Францияда обырдан толығымен 70 % онкологиялық аурумен ауыратын науқастар сауығып шыққан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны