28.10.2016, 09:34 4124

Астана әкімдігінде "ЕХРО-2017" көрмесі өтетін кезеӊдегі қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

Исет Исекешев өз сөзінде дер кезінде әрекет ету, тартылған күштер мен құралдарды басқару және үйлестіру үшін Астанада өкілетті мемлекеттік органдардыӊ өкілдерінен, соныӊ ішінде бейнебақылау операторларынан Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы құрылатынын атап өтті.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - "EXPO-2017" көрмесі өтетін кезеӊде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7,5 мыӊ адам, соныӊ ішінде ішкі істер органдарынан 5 мыӊнан аса қызметкер, Қорғаныс министрлігініӊ және басқа да мүдделі органдардан1,5 мыӊ әскери қызметкер, сондай-ақ, жеке меншік ұйымдардан 600-ден аса қызметкер тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін сарапшы жұмыс тобыныӊ отырысында Астана әкімі Исет Исекешев мәлім етті.

Кеӊес жұмысына Астана әкімі Исет Исекешев, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, "EXPO" ұлттық компаниясыныӊ басшылығы, сарапшы топтыӊ мүшелері, "Аstana Innovations" және "Аstana LRT" компанияларыныӊ өкілдері қатысты.

Исет Исекешев өз сөзінде дер кезінде әрекет ету, тартылған күштер мен құралдарды басқару және үйлестіру үшін Астанада өкілетті мемлекеттік органдардыӊ өкілдерінен, соныӊ ішінде бейнебақылау операторларынан Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы құрылатынын атап өтті.

"Астана Жастары" жастар ресурстық орталығы Конвенш Бюромен бірлесіп 1500 еріктіні іріктеп, оларды "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-да оқытып жатыр. Қазіргі уақытта құқық қорғау және арнайы органдардыӊ бұрынғы қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, әскерилерді және т.б. қауіпсіздік бойынша волонтерлар ретінде тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қажет болған жағдайда қосымша волонтерларды тартып, қолдау көрсетуге дайынбыз",- деді Исет Исекешев.

Еске салсақ, 2016 жылдыӊ 14 шілдесінде Астанада Заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеӊесініӊ отырысы өтті, онда "ЕХРО-2017" көрмесіне дайындық және оны өткізу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері талқыланып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданды.

Осы кезеӊде сарапшы топ көрменіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар нормативтік актілердіӊ жобаларын және оларға түзетулер дайындады, "ЕХРО-2017" "Қауіпсіздік бойынша сіздіӊ гид" мобильдік қосымшасы бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Сондай-ақ, халықаралық сарапшылардыӊ консультативтік көмегі туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Қабылданып жатқан ұйымдастыру шараларыныӊ шеӊберінде антитеррорлық оқу-жаттығулар, өртке қарсы қауіпсіздік дайындығын тексеру жүргізіліп, "Құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталыныӊ техникалық жобасы жасалды. 2016 жылдыӊ қарашасынан бастап көрме нысандарына өтудіӊ аккредитация жүйесі пайдалануға беріледі. Полиция қызметкерлері және профайлер мамандар Мемлекеттік күзет қызметі орталығыныӊ базасында дайындықтан өтті.

Отырыстыӊ қорытындысын шығара отырып, Бас Прокурор Жақып Асанов нормативтік актілердіӊ жобаларын әзірлеу кезеӊін аяқтау бойынша жұмыс қарқынын арттырып, оларды тәжірибе жүзінде іске асыруға көшу қажеттігіне сарапшы топтыӊ назарын аударды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны