18.02.2015, 17:38 4525

Астана әкімі елорданыӊ 2015 жылға даму жоспары туралы айтты

Иділбек Жақсыбеков Конгресс-Холлда өтіп жатқан тұрғындар алдында есеп беру кездесуі барысында елорданыӊ 2015 жылы қалай дамитыны туралы сөз қозғады

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Иділбек Жақсыбеков Конгресс-Холлда өтіп жатқан тұрғындар алдында есеп беру кездесуі барысында елорданыӊ 2015 жылы қалай дамитыны туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жолдауында еліміздіӊ "жаӊа экномикалық саясатын" айқындады. Уақтылы әзірленген және қауіп- қатерлердіӊ барлығы дөп болжанған сол құжатта Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев дағдарыстыӊ кері ықпалдарын тиімді еӊсеру, Қазақстанныӊ және оныӊ бас қаласы - Астананыӊ одан арғы дамуы үшін басты бағыттарды анықтап берді. Елбасы, алға қойған мақсаттарға қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісім сақталғанда ғана қол жететінін баса айтқан болатын, - деп, әкім Астана дамуыныӊ басты жеті бағытын тізіп шықты, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Бірінші - құрылыс

Астананы дамыту жоспарына сәйкес бүгінгі күні бірқатар жобалар әзірленіп, алдағы үш жылда 100-ден астам түрлі нысандар қолданысқа берілмек.

Бірнеше әлеуетті аудандарда кешенді құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделген. Бірінші - "Мыӊжылдық" аллеясы, екінші - "Мәӊгілік ел" салтанат қақпасы аумағы, үшінші - Тұран даӊғылы бойындағы тұрғын үй алабы, төртінші - "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы аумағындағы "Жасыл орам" ғимараттар кешені.

2015 жылы "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында жалпы көлемі 82,2 мыӊ шаршы метрді құрайтын 1 428 пәтер пайдалануға беріледі. Аталған бағдарлама аясында 65,4 мыӊ шаршы метрді құрайтын 1 181 пәтірдіӊ құрылысы жалғасуда. Оларды 2016 жылы қолданысқа беру белгіленген.

2015 жылдыӊ бірінші жарты жылдығында жалпы аумағы 158,8 мыӊ шаршы метрді құрайтын 2 507 пәтер пайдалануға беріліп, 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй бағдарламасы аяқталады.

Икімніӊ айтуынша, бұдан былай елордада салынатын бір де бір тұрғын үй нысаны көлік паркингі болмаса қабылданбайды. Қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде он паркинг салу туралы шешім қабылданды.

Бүгінде жұмыс істеп жатқан құрылыс ұйымдарыныӊ саны 1,5 бірлікті құрайды. Өткен жылдар көрсеткішімен салыстырғанда құрылыс компанияларыныӊ саны 20 % артқан.

- Қалада бірнеше сенімсіз мердігер-компаниялар бар. Кейбірінде рұқсат құжаттары жоқ. Оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды. Сондықтан пәтер құрылысына қаржы құю ісінде мұқият болыӊыздар дегім келеді. Сенімсіз компаниялар тарапынан адамдарды алдау оқиғалары тіркелген. Бұл ретте күмән тудыратын жағдайда Икімдікке хабарласып, кез-келген мердігер бойынша тиісті ақпарт алуға кеӊес беремін, - деді И. Жақсыбеков.

Қалада саябақ аймағы мен гүлбақтарын қалыпқа келтіру, абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Өткен жылы 6 гүлбақтар мен желекжолдар қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы Жауқазын мен Арай көшелерініӊ қиылысындағы саябақ құрылысы басталды.

Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілсе тиімдірек болар еді деп есептеймін. Біз саябақ аймақтары мен гүлбақтарында дәмханалар, қоғамдық дәретханалар, арнайы балалар аймағын салу үшін инвесторларды тартуды көздеп отырмыз. Олардан бөлек медициналық көмек бекеттері мен қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бекеттерін салу қарастырылмақ. Бұл ретте кіреберіс жолдарды, тротуарлар мен көлік қоятын аймақтарды салу, абаттандыру жұмыстары жіті назарда болады.

Екінші - қаланыӊ энергетикалық кешені

Энергиямен қамтамасыз ету мәселесі жаӊаша көзқарасты талап етеді және энергоқорлардыӊ стратегиялық қорын қалыптастыру міндетіне басымдық беріледі. Сондықтан бізге елордалық энергокешенді жедел модернизациялау міндетін шешу қажет. Астананыӊ энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріне жыл сайын түсетін салмақ шамамен 8-10%-ға артып отыр. 2017 жылға қарай бұл көрсеткіш 30-35 % ұлғаяды деп болжануда. Ал жылу энергиясы бойынша көрсекіш 25-30 % жеткелі отыр. Осы орайда энергетикалық кешенніӊ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 1-ЖЭО және 2-ЖЭО кешенді модернизациялау, сондай-ақ 3-ЖЭО бірінші кезеӊініӊ құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Алайда осы уақытқа дейін қуаттылықты арттыра беру бағыты әлеуетті бола бермейді.

- Илемдік тәжірибие көрсеткендей, қала қаншалықты өссе, оныӊ энергияға деген сұранасы соншалық болады. Тұрғындар инновациялық технологияларды, жылу ұстау, таза экологиялық материалдарды қолдану арқылы энергия үнемдеу мәселесіне өздері де мән бергендері абзал. Бұл тек энергоқорлардыӊ қымбаттығынан емес, қоршаған ортаға деген қамқорлық тұрғысынан да қолға алынатын шаруа, - деді әкім.

Үшінші - көлік инфрақұрылымын дамыту

Астананыӊ қарқынды дамығанына, барлық инфрақұрылымныӊ жаӊарғанына қарамастан, жол қозғалысын қамтамасыз ету баяғы шағын қала деӊгейінен әрі асар емес.

- Аудан әкімдерініӊ жуырда халықпен өткен кездесулері көрсеткендей, қоғамдық көліктіӊ жұмысын ұйымдастыру, жол құрылысыныӊ сапасы - еӊ өткір және бақылаусыз қалған мәселелердіӊ бірі. Біздіӊ міндет - жағдайды түзеу. Біз қаланыӊ көліктік моделін түбегейлі өзгертуге тиіспіз. Осыған байланысты көліктік бағыттар өзгертіліп, электрондық билеттеу жүйесі енгізіледі. Интелектуалды көліктік жүйені кезеӊ-кезеӊімен іске асыру жалғасады. Бұл жұмыстыӊ бір көрінісі бүгінде елорда көшелері мыӊдаған бейнекамералар, ондаған "ақылды" бағдаршамдармен жабдықталды, - деп атап өтті И. Жақсыбеков.

Қалада үнемі кептелістер болып тұратын 18 жол бөлігі бар. Бұл мәселе барша астаналықтарды алаӊдатады. Сондықтан жағдайды ушықтырмас үшін, Икімдік, биыл бірқатар шараларды қолға алмақ. Атап айтқанда: 108 шақырым жолды салу мен қайта құру; олардыӊ қатарында 30 көше мен 11 тұрғын үй алабындағы 24 шақырым жол бар; 21 шақырым жолды жөндеу; Республика даӊғылы бойындағы "Талисман" дүкені алдындағы еӊ белсенді қозғалыс аумағында жерасты жаяу жүргіншілер жолын салу; сондай-ақ жедел автобустар желісін жасақтау.

Төртінші - қауіпсіздік

Қалада "Астанада өмірді қамтамасыз ету жүйесі" арнайы жобасы іске қосылды. Ол бойынша 700 жуық бейнебақылау камералары тәулік бойына жұмыс істейді. Бір айта кетерлігі, олардыӊ көмегімен өткен жылы 340 астам қылмыстыӊ беті ашылып, 48,5 мыӊ әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. 21 мыӊ Жол ережесін бұзу фактілері тіркелді.

- Бұл арада қала тұрғындары да құқық бұзушылықтардыӊ алдын алуға шақырамын. Астаналық азамат жоғары мәдениеттілігімен ерекшеленіп тұруы тиіс. Ал біздіӊ қала - қауіпсіз және жайлы болу керек. Елорданыӊ құқық қорғаушылары да қарап отырмауға тиіс. Олардыӊ жұмысында әлі де болса көп келеӊсіздіктер кездеседі. Оныӊ ішінде кеӊ тарағаны - патрульдік-күзет қызметтерініӊ оқиға орындарына уақтылы бармауы, жол инспекторларыныӊ дөрекі тәртібі. Бұл мәселеде тәртіп орнату қажет, - деді әкім.

Бесінші- индустриаландыру

Бүгінде Астанада бірқатар индустриялды-инновациялық жобалар жұмыс істеуде. Бір ғана Индустриялды парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 168 миллиард теӊгеге жуықтайтын 50 жоба тіркелген.

Қаланыӊ негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі айтарлықтай артып, 644 миллард теӊгеге жетті. Бұл еліміздіӊ қаржы орталығы Алматыныӊ көрсеткішінен жоғары.

- Қазақстан Президенті Астанаға нақты тапсырма жүктеді: елорданыӊ инвестициялық тартымдылығын тұрақты түрде арттыру, шағын және орта бизнес субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсету. Ол үшін Икімдік тарапынан бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін тиімді қолдану және "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясыныӊ жұмысын жандару, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорын тарту және өзге де бағдарламаларды іске қосу мәселелері тыӊғылықты зерттелуде, - деді И. Жақсыбеков.

Алтыншы - шағын және орта бизнестіӊ дамуы

Қазіргі таӊда елорданыӊ шағын және орта бизнесі жергілікті бюджетке түскен салық төлемдерініӊ 65 % қамтамасыз етіп отыр. 2014 жылы бұл көрсеткіш 420 миллиард теӊгені құрады. Жалпы өӊірлік өнімдегі оны үлесі 50 % құрады.

Елордада алғашқы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда бизнесмендерге "бір терезе қағидаты" бойынша тегін түрде ақпараттық және кеӊестік қолдау қызметтері көрсетіледі. 2014 жылы өздеріне қажетті кеӊестерді алған тұтынушылар саны 4,5 мыӊ адамды құрады.

И. Жақсыбековтіӊ айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуда жуырда Икімдік пен қалалық кәсіпкерлер палатасыныӊ ортақ жұмыс жүргізуге байланысты қол жеткізген уағдаластығы да зор үлесін қосады. Қол қойылған тиісті келісім бойынша: шағын және орта кәсіпкерлікке арналған көпсалалы өндіріс кешенін; өӊірлік сауда орталығын құру; Астанада бизнестіӊ даму картасын әзірлеу және өзге де шаралар қарастырылады. Ағымдағы жылдыӊ 10 ақпанында елордадағы шағын және орта бизнес үшін бизнес-ортаны жақсарту және қаржылай қолдау көрсету бағытында тағы бір қадам жасалды. Жеке кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша кезекті Бағдарлама іске қосылды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 500 млн. теӊге, "Даму" Қорынан 1 млрд. теӊге бөлінді.

Ағымдағы жылы Икімдік тарапынан елордада сауда-саттықтыӊ заманауи үлгілерін енгізу және қызмет көрсету сапасын әлемдік деӊгейге жеткізу жұмыстары басталды. Бұл нені білдіреді?

Бүгінгі таӊда Астанада жедел тамақтану және алғашқы қызмет көрсету нысандарыныӊ орналасу кестесі жасалып, соған сәйкес 300 орын белгіленіп алынды. Олар ашық байқау негізінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бизнесмендерге жалға берілетін болады.

Болашақта жүйесіз сауда-саттықты болдырмас үшін қоғамдық тамақтану мекемелеріне арналған рұқсат құжаттарын беру механизмі жасалуда. Ұсқынсыз әрі санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін ескі сауда нысандары ыӊғайлы әрі жеӊіл конструкциялармен алмастырылады. Қалада қысы-жазы жылдам әрі дәмді тамақтануға, салқын немесе ыстық сусындар ішуге болатын жаӊа павильондар пайда болады.

Осылайша бүгінде қалаға аса қажетті ыӊғайлы орта қалыптасады. Демек біз Елбасыныӊ Үкіметтіӊ соӊғы кеӊейтілген отырысында шағын және орта бизнеске инфрақұрылым жеткізу туралы тапсырмасын орындаймыз.

Қазір қала бос боп көрінеді. Шенеуніктердіӊ жұмысы бизнестіӊ дамуына мүмкіндік те рұқсат та бермеуге бағытталғандай.

Бүгінде көптеген заманауи қалаларда сауда-саттық, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету орындарыныӊ әр түрлі желілері дамыған. Қала орталығында жеміс-жидек, көкеніс саудасы, мобильді кафелер мен жылдам тамақтану орындары қызу жұмыс атқарады.

Біз бұл тұрғыда артта қалып келеміз. Сондықтан бұл кемшіліктіӊ орнын толтыру керек.

Икімдік өз тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету тізімін кеӊейтуге баса назар аударуда. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарыныӊ уақытын үнемдеп, материалдық шығындарын азайтуға әсер ететіні сөзсіз. Бұл тұрғыда бүгінгі күнніӊ өзінде қалалық құрылымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердіӊ 22 түрі электронды форматқа көшірілді. Бұған қоса құжаттарды рәсімдеу тәртібі әлдеқайда жеӊілдетілді.

Рұқсаттама беруді автоматтандыру аяқталады. Бүгінгі таӊда елорда әкімдігі 140 рұқсаттама берсе, соныӊ 21 автоматтандырылған.

Тек былтырғы жылы халыққа 4,3 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Біз өткен аптада ғана негізгі мақсаты жалпы процедураны мейлінше жеӊілдету, мемлекеттік органдардыӊ жұмыстарын жақсарту, кедергілерді жоюға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша арнайы семинар-кеӊес өткіздік.

Осылайша оӊтайландыру жұмыстары жалғасады. Жақын арада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және тізілімді кеӊейту туралы орталық органға ұсыныстар жолданатын болады.

Елбасыныӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елорда маӊында азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау басты назарда болады.

"Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында қайта өӊдеу кәсіпорындарына белсенді қолдау көрсетіліп, жаӊа нысандар салынуда.

Жақын арада жалпы көлемі 43 тонна болатын 11 көкөніс сақтау қоймасы, жылына 15 мыӊ тонна өнім беретін 9 жылыжай қолданысқа енгізіледі.

Біз көршілеріміз Ақмола, Қарағанды және т.б. облыстармен белсенді жұмыс жасауымыз керек.

Президент базарлардағы санитарлық талаптардыӊ сақталмайтындығын атап өткен болатын. Бұл мәселені шешу үшін Астанада Көпсалалы сауда-логистикалық орталығыныӊ құрылысы жоспароланып отыр. Оған бастапқы кезеӊде 7 астаналық базар көшіріледі.

Бізге тәртіп орнату үшін базар басшыларына қатаӊ талаптар қою қажет. Қаладағы 25 сауда алаӊдарыныӊ сыртқы келбетін қалыпқа келтіріліп, ұсынылатын қызмет сапасы жақсаруы тиіс.

Ирине, адамдардыӊ табыс тапқаны керек. Алайда сауданыӊ да "тиісті келбеті" болуы тиіс.

Өмір стандарттары - бұл тек сандық көрсеткіштер еместігін баршамыз жақсы түсінеміз. Ол тұрғындардыӊ жайлы өмірі үшін жасалатын тұтас жүйе. Осы орайда Астана бас қала ретінде өзге өӊірлерге үлгі болуға тиіс.

Жетінші - әлеуметтік сала

Бірінші. Ардагерлерді қолдау

Бүгінде Астанада 216 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері тұрып жатыр. 2015 жыл қарсаӊында посткеӊестік кеӊестікте теӊдесі жоқ шара өтті: ардагерлер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев атынан жеке құттықтаулар мен сыйлықтар алды. 7 ақпанда Астана қаласында студенттер мен ЖОО оқушыларыныӊ ардагерлер мен мүгедектерге көмек көрсетуге бағытталған кеӊ көлемді қайрымдылық қозғалысы басталды. Мұндай шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырғанын қуана жеткізгім келеді. Жастар қарияларға азық-түліктерін әкеліп, үйлерін жинап береді. Аулаларын қардан тазартып, үй шаруасында көмектеседі. Бір атап өтерлігі, жастар, тоғызыншы мамырдан кейін де бұл қайрымдылық шарасын жалғастыра бермек.

- Атап өткім келетіні, Астанада ғана, әлеуметтік жеӊілдіктері бар азаматтардыӊ барлығы қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Біздіӊ ардагерлер коммуналдық төлемдерден толықтай босатылған. Өткен жылы 83 Ұлы Отан соғысы ардегерініӊ пәтерлеріне жөндеу жұмыстары жасалды. Ағымдағы жылы 9 Мамырға орай біз 84 батырымыздыӊ пәтірін жөндеп береміз. Сонымен қатар, осы жылдыӊ 20 наурызына дейін елордаға 2014 жылдыӊ екінші жарты жылдығында келген және тізімде тұрған Ұлы Отан соғысыныӊ 7 ардагері пәтерлерін алады, - деді Иділбек Жақсыбеков.

Екінші. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау

Біздіӊ қаламызда 19 мыӊнан астам мүгедек тұрады. Оныӊ 3 мыӊы - балалар. Бұл санаттағы адамдар үшін әлеуметтік, мәдени және өзге де ғимараттар мен нысандарға жол жабық. Бірнеше баспалдақ адамды күнделікті өмір құндылықтарынан тыс қалдырады.

- Біз оларға белсенді қоғамдық өмірге араласауға көкектесуіміз керек. Сондықтан ғимараттарымызды мүгедектерге қолжетімді етуіміз қажет. Ол үшін ыӊғайлы пандустар салып, мектептерде тиісті құрылғылармен жарақтандырылған арнайы сыныптарды ұйымдастыру қажет. Бұл аса қиын шара емес. Тек ведмстволық шектеулер мен шарттылықтарды артта қалдыру керек.

Үшінші. Жұмыссыздық деӊгейін мейлінше төмендету

Астанада бұл көрсеткіш республика бойынша еӊ төмен деӊгейде. Икім барлық қалалық қызметтерге қысқа мерзім ішінде елордадағы жұмыссыздықты жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

- Біздіӊ мақсатымыз бос жұмыс орындарыныӊ тізімін және ақпараттар базасын кеӊейту, жұмыссыздарды нақты кәсіпорындарға мамандақытары бойынша жұмысқа орналастыру. Яғни, жұмыссыздық деӊгейін мейлінше төмендету, тіптен нөлге дейін жеткізу, - деді И. Жақсыбеков.

Төртінші. Білім беру және медициналық қызметтердіӊ қолжетімділігі

Астана халқыныӊ өсімі оныӊ қалыптасу жылдары ішінде үш есеге артты. Қаладағы мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушілігі 37 мыӊ, ал кезекте 83 мыӊ бала тұр.

Мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде шешілуі тиіс. Оныӊ аясында салынып жатқан тұрғын үй кешендерініӊ бірінші қабаттарында бала бақшаларын ашу қажет. Бұл мәселені жобалау барысында ескеру керек.

2015 жылы 2 440 орындық 10 балабақшаны және балабақшаға 60 орындық қосымша ғимаратты салып, іске қосу жоспарлануда. 5 075 орындық 5 жаӊа мектеп пен 1 050 орындық қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға беріледі.

- Біз мұнымен шектелмейміз. 2015 жылы 1 200 орындық бес балабақшаныӊ құрылысы мен 4 800 орындық бес жалпы орта білім мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Білім беру мәселесі, бұл тек құрылыс емес, сондай-ақ оқыту сапасы мен тәрбие ісіне де байланысты. Сондықтан әріптестерім осыны ескерсе деймін. Бұл бағытта мұғалімдердіӊ біліктілігін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы 400 ұстазды оқыту көзделуде, - дедіәкім.

Бесінші. Денсаулық сақтау

Биылғы жылы бес денсаулық сақтау нысаныныӊ құрылысын аяқтау жоспарлануда: сол жағалаудағы, Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі кезеӊіне 500 келушіге арналған амбулаторлық-емханалық кешені; Ильинка кенті және Ж. Досмұхамедұлы көшесіндегі кезеӊіне 150 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы; 250 орындық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы; кезеӊіне 150 келушіге арналған емханасы бар 250 орындық медициналық-әлеуметтік оӊалту орталығы .

500 орындық туберкулезге қарсы диспансер 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.

Жоғарыда аталған нысандар іске қосылғаннан кейін, Астананыӊ денсаулық сақтау саласына түсетін салмақ талаптарға сәйкес деӊгейге жеткізіледі.

- Жаӊа білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын, жалпы әлеуметтік нысандарды салу - аталған салаларды дамытудағы аса маӊызды міндет. Алайда еӊ бастысты - көрсетілетін қызметтердіӊ сапасы.

Көп нәрсеніӊ сапалы медициналық қызметке, басшылық қызметініӊ нәтижесіне байланысты екенін түсінеміз. Жеткілікті материалдық-техникалық қамтамасыз етудіӊ жоқтығынан жедел медициналық қызмет көрсету жүйесі қанағаттанарлықсыз деӊгейде. Адамдар "жедел жәрдемніӊ" келуін сағаттап күтеді. Мемлекет бұл саланы дамыту үшін қомақты қаржы бөлуде.

Бүгінде заманауи медициналық мекемелер салынуда. Алайда ондағы жұмыстарды ұйымдастыру төмен деӊгейде. Бұл табиғи дамудыӊ бір сатысы екені белгілі. Бірақ біздіӊ қаламыз бұл салада да алда болуы тиіс. Тұрғындардыӊ санасында және күнделікті өмірлерінде "елордалық сапа" деген ұғмды енгізу керек" - деді әкім.

Алтыншы. Мәдениет, спорт, туризм

Ийгілі мәдени, спорттық және туристік орталыққа айналу үшін Астананыӊ мүмкіндігі мол.

- Баршаларыӊыз білесіздер: бізге 2017 жылы "ЭКСПОны" өткізу мәртебесі бұйырды. Биылдан бастап көрмеге дайындықтыӊ белсенді фазасына кірісеміз. "ЭКСПО" қала тіршілігініӊ барлық саласына қатысты.

Салынған ғимараттар, медениет менеджменті, барлығы "ЭКСПО - 2017" Халықаралық көрмесі өткізілгеннен кейін Астанаға мұра болып қалады.

Көптеген мәдени нысандармен қатар қалада спорттық алаӊдар мен ғимараттарды салу бағытында ьіраз шаруа атқарылды. Мемлекет басшысыныӊ тікелей қолдауыныӊ арқасында жүргізіліп отырған спортшыларды даярлау және оған қажет тиісті инфрақұрылымдарды дамыту жұмысы оӊ нәтижелерін беруде. Бір анағы - денешынықтырумен және спортпен шұғылдану елордада жаппай сипатқа ие болуы тиіс.

Астанада шамамен 20 жуық ірі спорт нысандары жұмыс істейді: "Алау" мұз сарайы, теннис орталығы, "Астана Арена" стадионы, "Сары-Арқа" велотрегі және өзге де көптеген нысандар спортшыларға ғана емес, қарапайым азаматтар үшін де қолжетімді.

Иділбек Жақсыбеков, тұрғындар алдында сөйлеген сөзінде, биылғы жылдыӊ - Қазақстан тарихындағы маӊызды оқиғалардыӊ жылы екенін атап өтті. Олар: Қазақстан халықтары ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеӊістіӊ 70 жылдығы, Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы. "Жуырда қала билігімен өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев барлық мерейтойлық шараларды атап өту негізінде басты тақырып - халықымыздыӊ тұтастығы, бірлік пен келесім болу керектігін тағы да еске салды. Біздіӊ басты мақсатымыз - мерекелік көӊіл-күймен елорда тұрғындарыныӊ барлығын қамту, сол арқылы әр астаналықтыӊ ел өмірі мен туған халықына деген мақтаныш сезімін ояту", - деді қала әкімі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны