08.09.2026, 10:54 9711
Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді
Жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер жинақталған

Сурет: gov.kz
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СҰАЖ) іске қосылды. Онда қазірдің өзінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер жинақталған, деп
хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінен.
Жүйе су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар және жерасты сулары туралы ақпаратты біріктіреді. Деректер еліміздің су ресурстарын басқару үшін пайдаланылады.
Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, жүйеленді. Оның ішінде 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық нысан бар.
СҰАЖ-да 3 мың ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілген. Сондай-ақ 2,2 мыңнан астам бастапқы су есебі жөніндегі есеп пен 1,3 мыңнан астам 2-ТП нысанындағы есеп қабылданды.
"Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің функционалы су балансын жүргізуді, су пайдалануды есепке алу мен талдауды, су қоймаларының жай-күйін мониторингтеуді, трансшекаралық су нысандары жөніндегі деректермен жұмыс істеуді, сондай-ақ ғарыштық мониторингті қамтиды. СРҰАЖ-ды енгізу экономиканың тұрақты дамуы мен еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын басқарудың кешенді, көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар, Қазақстанда Су тұтынуды ерте болжау жүйесін тәжірибелік режимде іске қосылды. Ол каналдар арқылы су беру жөніндегі электрондық шарттар жасасуға, қызметтер ақысын онлайн төлеуге және су ресурстарының көлемін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді.
Бүгінде келісімшарт жасасу процесі толықтай электронды форматқа көшірілді. Жыл басынан бері шаруалармен 29 мыңнан астам келісім жасалған.
Естеріңізге сала кетсек, 2027 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда елді мекендерден тыс жерлердегі шекаралары әлі белгіленбеген су қорғау аймақтары мен белдеулеріне қойылатын талаптар автоматты түрде қолданыла бастайды.