18.05.2018, 13:33 8332

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектр жүйелерін орнату туралы меморандумға қол қойылды

Меморандумныӊ мақсаты - "Мектептерге күн энергиясы" пилоттық жобасын іске асыру. Жоба шеӊберінде Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектр жүйелерін орнату көзделген.

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - Астана экономикалық форумы шеӊберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Астана қаласыныӊ әкімдігі, "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы және "Шелл" компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

Меморандумныӊ мақсаты - "Мектептерге күн энергиясы" пилоттық жобасын іске асыру. Жоба шеӊберінде Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектр жүйелерін орнату көзделген.

Меморандумға ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Астана қаласыныӊ әкімі И. Исекешев, "НЗМ" ДБҰ Басқарма төрағасы К. Шәмшидинова және Қазақстандағы "Шелл" концернініӊ вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар мырза қол қойды.

"Мектептерге күн энергиясы" жобасына 2016 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеӊберінде "Шелл" компаниясы бастамашылық жасады.

Аталған пилоттық жоба Қазақстан үшін бірегей жоба болып табылады. Жоба жалпыұлттық масштабта бөлінген энергияны өндірудіӊ шағын жобалары саласын дамытуға бағытталған. Оныӊ мақсаты - Республиканыӊ "жасыл экономикаға" көшуі бойынша іс-қимылдарын одан әрі қолдау. Жоба сонымен қатар кіші және орта бизнестіӊ әлеуетін дамытуға жәрдемдесуге, сондай-ақ нақты ғылымдарды (STEM: ғылым, технологиялар, инжиниринг және математика) зерделеу бағдарламаларына жас ұрпақтыӊ қызығушылығын ынталандыруға бағытталған.

Меморандумға қол қою рәсімінен соӊ тараптардыӊ өкілдері Қазақстанда жаӊартылатын энергия көздерін дамытуда аталған бастаманыӊ ерекше маӊыздылығын атап өтті.

"Мектептерге күн энергиясы" бастамасы Қазақстанда жаӊартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ҚР Энергетика министрлігі мен "Шелл" компаниясы арасындағы табысты ынтымақтастық нәтижесінде туындады. Осы Жобаны іске асыру еліміздіӊ аймақтарында қуаты аз жаӊартылатын энергия көздерін пайдаланатын қондырғыларды одан әрі пайдалану үшін өзіндік платформаға айналатындығына сенеміз және осылайша елде парниктік газдардыӊ шығарындыларын азайту мен жаӊартылатын энергия көздері саласында нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша Үкіметтіӊ жұмысына өз үлесін қосады деп үміттенеміз", - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

"Біз компаниямыздыӊ Қазақстандағы 25 жылдық жұмыс барысында "Шелл" және Қазақстан Республикасы арасында қалыптасқан әріптестік өзара қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Біздіӊ компания Қазақстан Республикасымен өзініӊ стратегиялық альянсын одан әрі тереӊдетуге ниетті. Қол қойылған меморандумныӊ нәтижесінде Республиканыӊ "Жасыл экономикаға" өту ниетін қолдау мүмкіндігіне ие болғандығымызға қуаныштымыз және аталған мақсаттарға жетуде осы жоба лайықты үлес қосатындығына сенімдімін", - деп атап өтті Қазақстандағы "Шелл" концернініӊ вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар.

"Осы Меморандум шеӊберінде біз күн фотоэлектр жүйелерін мектеп шатырларына қондыру бойынша ынтымақтастық жасайтын боламыз. Аталған жоба жаӊартылатын энергия көздерін тиімді пайдаланудыӊ жақсы үлгісі болады және болашақта еліміздіӊ өзге аймақтарында да кеӊінен тарауы мүмкін",- деді Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев.

"Мектептерге күн энергиясы" жобасы STEM-білім беру тәсілдері белсенді енгізіліп жатырған Зияткерлік мектептер үшін үлкен маӊызға ие. Зияткерлік мектептер тұрақты дамудыӊ барлық басымдықтарын, соныӊ ішінде жаӊартылатын энергия көздерін таратуды қолдайды. Оқу орындарында күн фотоэлектр жүйелерін енгізу - стратегиялық дұрыс болып табылады, себебі табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды және экологиялық жауапкершілікті мектептер қалыптастырады", - деп айтты "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДБҰ Басқармасыныӊ төрағасы Күляш Шәмшидинова.

Анықтама үшін:

"Шелл" - энергетикалық және мұнай-химиялық компанияларды біріктіретін халықаралық концерн. Оныӊ штаб-пәтері Гаагада (Нидерланд) орналасқан. Қазіргі уақытта "Шелл" Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардыӊ бірі болып табылады. "Шелл" концерні төрт жобаға қатысады. Олар - Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі 16.81%), Каспий теӊізініӊ қазақстандық секторындағы "Жемчужина" лицензиялық учаскесін игеру бойынша ӨБК (қатысу үлесі 55%), Қарашығанақ кен орныныӊ өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім, және қазақстандық мұнайды әлем нарығына жеткізетін Каспий құбыр консорциумы (қатысу үлесі 7.4%).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны