21.05.2012, 12:16 2813

Астана әуежайында мемлекеттік шекарадан жалған төлқұжатпен өтпек болған ауған азаматтары ұсталды

Астана әуежайында мемлекеттік шекарадан жалған төлқұжатпен өтпек болған алты ауған азаматы ұсталды, деп Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдеді.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Астана әуежайында мемлекеттік шекарадан жалған төлқұжатпен өтпек болған ауған азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана әуежайында мемлекеттік шекарадан жалған төлқұжатпен өтпек болған алты ауған азаматы ұсталды, деп Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, Ауғанстан азаматтары 18 мамыр күні Франкфурт бағытындағы ұшақ жолаушыларының төлқұжаттарын тексеру кезінде ұсталған.

Ұсталғандар қырғыз төлқұжаттарын ұсынған. "Сонымен қатар, төлқұжаттарда Шенген аймағының жалған визалары болған.

Олар жалған құжатпен Германияға барып босқындар мәртебесін алуды көздеген. Қазір тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны