01.07.2010, 10:56 1524

Астана әуежайында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі заң орындалмайды

Астана әуежайында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі заң орындалмайды

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today Астана әуежайында ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі заң талаптары орындалмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Астана қалалық авиациялық көлік прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Хабарламада көрсетілгендей, Астана қалалық авиациялық көлік прокуратурасы ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік заңдарының "Астана халықаралық әуежайы" АҚ-да орындалуына тексеріс жүргізген.

Тексеріс нәтижесі әуежай аумағында құстардың көп болуы себепті ұшу қауіпсіздігіне қатысты алғанда қолайсыз екенін көрсетті. Иуежай құстардың көктемгі және күзгі миграцияларының белсенді аймағында орналасқан. Сонымен қатар, Майбалық көлі, ипподром және Астана қаласының тұрмыстық қалдықтар тастайтын қоқыс орнының жақындығы да сезіледі.

Хабарламаға сәйкес, әуежайға экология, метрология және еңбек салаларындағы заң бұзушылықтарға жол бергені үшін ірі әкімшілік айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны