14.08.2015, 18:00 5347

Астана әуежайыныӊ басшысы ауысты

"Airport Management Group" атқарушы компаниясыныӊ шешімімен "Астана халықаралық әуежайы" АҚ-ныӊ басқарма төрағасы Қайрат Жауханов өз еркімен қызметінен босатылды

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - "Airport Management Group" атқарушы компаниясыныӊ шешімімен "Астана халықаралық әуежайы" АҚ-ныӊ басқарма төрағасы Қайрат Жауханов өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары Рәділбек Өкенұлы Идимолда төраға қызметі міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Airport Management Group" компаниясынан, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Р.Идимолда 1987 жылы Азаматтық авиация академиясын тәмәмдаған (Санкт-Петербург, РФ). Қазақстанныӊ Азаматтық авиация комитетінде, "Қазаэронавигация" РМК-да жетекші қызметтер атқарған. "Құрметті авиатор" төс белгісі, "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 20 жыл" және "Ерен еӊбегі үшін" медальдарымен марапатталған.

Бүгінде Астаны әуежайы жалпы есеппен тәулігіне 10 мыӊнан астам жолаушыға, 140 шақты рейске қызмет көрсетеді. 16 ішкі және 23 халықаралық бағыт бойынша 16 әуекомпанияныӊ тұрақты рейстерін жүзеге асырады. Қазір әуежайда жаӊа жолаушылар терминалыныӊ құрылысы мен ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жасалуда. Жаӊа терминал іске қосылғаннан кейін, аумағы 41 мыӊ шаршы метрді құрайтын ғимаратта 25 тіркеу орны, көші-қон қызметініӊ 24 орны, жүк шығаратын 3 конвейер болады. Жаӊа терминал жылына 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады. Осылайша, 2017 жылы елорда әуежайыныӊ жылдық өткізу мүмкіндігі 7 млн.-ға жетеді. Жолаушылар мен әуекомпаниялардыӊ сұраныстарын қанағаттандырып, жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында Airport Management Group әлемдік жетекші компанияларды серіктестікке тартады: жерде қызмет көрсету бойынша Swissport International компаниясы, ал борттық тамақтандыру бойынша әлемдік жетекші Gate Gourmet компаниясымен әріптесу жоспарланған.

Бүгін "Airport Management Group" атқарушы компаниясыныӊ бас директоры (Басқарма төрағасы) Клод Бадан әуежай ұжымымен жиналыс өткізіп, жаӊа басшыны таныстырды.

"100 нақты қадам" Бағдарламасы аясында және "Нұрлы жол" Жолдауында Мемлекет басшысы елордалық әуежайдыӊ дамуына ерекше ден қояды. Сондықтан біз Zurich Airport International компаниясымен әріптесе үлкен міндеттерді жүзеге асыруымыз қажет. Яғни, әлемдік үздік тәжірибелерді, стандарттар мен технологияларды енгізу, қызмет көрсету сапасын жоғарлату, ұшу және авиация қауіпсіздігін жетілдіру жұмыстары тұр", - деді Клод Бадан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны