26.06.2009, 16:14 6500

Астана, Бурабай, Шортанды және Зеренді аймақтарының маңындағы ормандарды біріктіру керек - президент

Астана, Бурабай, Шортанды және Зеренді аймақтарының маңындағы ормандарды біріктіру керек - президент

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана, Бурабай, Шортанды және Зеренді аймақтарының маңындағы ормандарды біріктіру керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл желекті санитарлық қорғау аймағын дамыту мәселелері бойынша көшпелі жиын барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жиынға елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Наурызбай Қадыркеев қатысты.

Астана қаласы жасыл-желек санитарлық қорғау аймағын қазір "Астана орманы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізеді. Қазіргі таңда мекеме 15,7 мың га аумаққа қызмет көрсетеді. Оның 10,7 мың га жасыл желектер отырғызылған. 9,2 млн ағаш егілген, олар қайың, қарағай, шегіршін, үйеңкі, терек, алма ағашы және өзге де ағаштар, сондай-ақ, 20 түрлі 1,7 млн дана жыңғыл.

"Астана орманы" МКК штатында 300 адам бар, 59 техника, 2 орман кордоны және 5 өртті бақылау мұнарасы бар. Мекеме құрылымында Астана қаласының жасыл желекті санитарлық қорғау аймағын ұстау қызметі, орман ағаштарын заңсыз кесулер мен жанудан қорғау қызметі, инженерлік қызмет жұмыс істейді.

Мекеме ылғалдың жиналуы мен арам шөптермен күрес; ағаштардың ұшар басын қалыптастыру; ағаш аурулары мен зиянкестермен күрес секілді топырақты механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Ағаштарды отырғызып, оны күтумен алғашқы 3 жылда "Жасыл аймақ" РМК айналысты. 2001 жылдан бастап желектерді кезең-кезеңімен қалалық меншікке беру басталды. 2001- 2005 жылдары желектерді санитарлық қорғау аймағы жұмыстарын "Зеленстрой" МКК жүргізді. Ал 2005 жылдан бастап оны елорда әкімдігінің қаулысымен "Астана орманы" МКК қолға алды.

1997-2008 жылдары "Жасыл аймақ" РМК жалпы ағаш отырғызу көлемі қала аумағында да, шегінде де 40 мың гектер болды. Бұл мекеме ағаш отырғызу материалын дайындайтын аумағы 110 га болатын жыл сайын 9 млн жуық қарағай екпе көшеттерінің, балқарағайдың, қайың, шегіршін, жиде, терек, тал, алма ағашы сынды жалпы барлығы 26 түрлі ағаш өсіретін "Ақ қайың" орман питомнигі бар. Питомник топтамасында 70 түрлі ағаштар мен бұталар өсіріліп көруде.

Питомниктің 10 жылдан бері жұмыс жасап жатқандығына байланысты 2009 жылы оны жаңарту жобасы жасалмақшы.

Қосымша ағаш отырғызылатын материал алу үшін Шортанды орман шаруашылығынан аумағы 69 га "Дамса" екінші орман питомнигі құрылады. 2007 жылы питомниктің аумағын ұйымдастыру мен суару жүйесінің құрылысының жұмыс жобасы әзірленіп, оны 2009-2010 жылдары жүзеге асыру жоспарланып отыр. Питомник арнайы бағалы ағаш тұқымдарын өсіретін питомник болады: қарағай, қайың, балқарағай, шырша, боз арша, арша, жөке және басқалары, барлығы 20 түрлі жылына 3,3 млн екпе.

2003 жылдан бастап "ОШҚАЗҒЗИ" ЖШС Астана қаласында тұзды және батпақты жерлерде ағаш отырғызу технологиясын жасап келеді. Бұл жұмыстар жасыл аймақтың құрылуын ғылыми қамтамасыз ету болып табылады және ол жалғасын табады. Ағаш отырғызып өсірудің жаңа технологиясын енгізу қарастырылуда. Оған мелиорация және қаладан алыс жерлерде гербицидтерді қолдану жайын әзірлеу, сондай-ақ ландшафты-рекреациялық желектерді қалыптастыру кіреді.

Астана қаласының жасыл аймағын құру жұмыстарын жалғастыру мақсатында 2008 жылы жыл сайын аумағы 5 мың гектар қаланың жасыл аймағында ағаш отырғызу қарастырылған техникалық-экономикалық негіздеме жасалынды. 2015 жылға дейін Астана қаласының жасыл аймағында 75 мың гектарға ағаш отырғызу жоспарлануда.

2009 жылдан бастап 2000-2003 жылдардағы отырғызылған ағаштардан ландшафты-рекреациялық ағаш отырғызуды қалыптастыру жұмыс жобасын әзірлеу жоспарлануда. Жобада ықтырма аралық кеңістіктерде ағаштар мен бұталар тұқымдарының биотобын құру, сондай-ақ, күтімдегі тал-теректерді кесу қарастырылады.

Астана қаласының жасыл аймағында 2008 жылы орман құрылыс жұмыстары басталды. Нәтижесінде ғарыштық түсірілім негізіндегі картографиялық материал және оның алдағы дамуы мен мазмұны жөніндегі жобасы әзірленеді.

"Көкшетау орман селекциялық орталығы" РМКК базасында ағаш және бұта тұқымдарын микроклональды көбейту бойынша зертхана құрылды.

Ағымдағы жылы жалпы көлемі 5000 га аумаққа ағаш отырғызылды және бұрынғы жылдардағы орман ағаштарымен қосымша 5000 га аумақ толықтырылды. Мұнан өзге 15 мың га жерге 2010-2012 жылдары топыраққа отырғызу және 31 мың га жерге отырғызылған ағаштарға күтім жасалынады.

Отырғызылатын материалдың қажеттілігі 9,5 млн дана толығымен қамтамасыз етілді. Ағаш отырғызу жұмыстары 2009 жылы "Жасыл аймақ" РМК күшімен өзге мердігерлерді тартпай-ақ жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны