20.05.2013, 16:40 3490

Астана экономикалық форумына 9 мыңнан астам адам қатысады

"Форумда G-Global форматындағы ғаламдық экономикалық даму келешегі, әлемдік нарықтағы бағаның шектен тыс құбылуына қарсы шаралар талқыланады", - деп дүйсенбі күні президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибиболлаев мәлім етті.

Астана. 20-мамыр. Kazakhstan Today - Астана экономикалық форумына 9 мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі, 23-мамыр күні VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы І дүниежүзілік конференцияға қатысады.

"Форумда G-Global форматындағы ғаламдық экономикалық даму келешегі, әлемдік нарықтағы бағаның шектен тыс құбылуына қарсы шаралар талқыланады", - деп дүйсенбі күні президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибиболлаев мәлім етті.

"Форумның күнтәртібіне инфрақұрылымдық, инновациялық технологиялар инфрақұрылымдық жобалардағы мемлекеттің рөлі, экономикалық даму мен қаржы жүйесінің әлеуметтік тұстары, ғаламдық қауіп-қатерлер мен олардың алдын-алу жайы енгізілген", - деді А.Ибиболлаев.

Форумға қатысуға 9 мыңнан астам адам өтініш берген. Олардың арасында ғалымдар, сарапшылар, үкіметтер өкілдері мен Нобель сыйлығының иегерлері де бар, деді ол.

Жиын шеңберінде елбасы Н.Назарбаев форумға қатысушылардың бірқатарымен екі жақты кездесулер өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны