12.07.2017, 16:09 4487

"Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Алматы облысыныӊ Мәдениет күндері басталды

Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Жетісу аймағы астаналықтарды түрлі театрлық қойылымдарымен, концерттерімен, қолөнер және суретшілер көрмелерімен, спорттық жарыстарымен қуантатын болады,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Кеше Астана қаласында ЭКСПО Халықаралық көрмесініӊ аясында Алматы облысыныӊ мәдениет күндері басталды. Мәдениет күндері "Қазақстан" орталық концерт залында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясыныӊ ж?не "Алатау әуендері" өнер ұжымыныӊ "Жетісу - жұмақ мекенім" атты концертімен салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды Алматы облысы ?кімініӊ баспасөз қызметі.

Шараға Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов, Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, еӊ алдымен зал фойесіндегі облыс суретшілері мен қолөнершілерініӊ көрмесімен танысты.

Концертте М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, "Алтынай" мемлекеттік халықтық би ансамблі, "Сазген", "Адырна", "Құлансаз" фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, "Талдықорған әуендері" ансамблі, Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген әртістері Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтар, Ұлжан Айнақұлова және басқа да әншілер өнер көрсетті. Мазмұнды шарада Жетісудыӊ бай өнері мен мәдениеті, көпэтносты халқыныӊ бірлігі паш етіліп,"Экспо" көрмесіне арнайы жазылған "EXPO мереке" әні мен "EXPO" биі де көрермендер назарына ұсынылды.

Жалпы Алматы облысыныӊ Астанадағы Мәдениет күндеріне Жетісу өӊірінен 400-ге жуық әртістер, суретшілер, спортшылар, қолөнер шеберлері және басқа да өнер иелері келген.

Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Жетісу аймағы астаналықтарды түрлі театрлық қойылымдарымен, концерттерімен, қолөнер және суретшілер көрмелерімен, спорттық жарыстарымен қуантатын болады,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны