08.09.2016, 12:57 3776

"Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне 101 мемлекет қатысатындығын растады

Бүгінгі таӊда қатысу туралы шартқа 68 ел қол қойды және 87-і өздерініӊ комиссарларын тағайындады, бұдан басқа 18 халықаралық ұйым қатысатынын растады.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне 101 мемлекет қатысатындығын растады, деді "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ комиссары Рәпіл Жошыбаев.

"Айта кету керек, бұған дейін көрмеге қатысатындығын Бразиялия растап, 99-шы қатысушы мемлекет атанған болатын. Көрменіӊ стратегиялық құжатында Көрмеге 100 мемлекет қатысатындығы көрсетілген. Украина өзініӊ қатысатынын нақтылаған жүзінші ел болды. Тізімді Доминикан Республикасы жалғастырды", - деді Р.Жошыбаев.

Бүгінгі таӊда қатысу туралы шартқа 68 ел қол қойды және 87-і өздерініӊ комиссарларын тағайындады, бұдан басқа 18 халықаралық ұйым қатысатынын растады.

Стандартты процедура бірнеше кезеӊде өтетінін айта кету керек: қатысуды нақтылау, комиссарды тағайындау және қатысу шартына қол қою.

Қазан айында халықаралық павильондар қатысушы елдерге берілетін болады. Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтеді. Шамамен 2 миллион келуші мен 5 миллион рет кіру болжанып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны