03.07.2015, 16:37 4083

Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдіӊ бірінші комиссары тағайындалды

"Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіне қатысушы елдер көрме секцияларыныӊ комиссарларын тағайындай бастады. 29 маусым күні Франция Республикасы секциясыныӊ комиссары П. Лоро Астанаға ресми сапармен келді

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіне қатысушы елдер көрме секцияларыныӊ комиссарларын тағайындай бастады. 29 маусым күні Франция Республикасы секциясыныӊ комиссары П. Лоро Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапар аясында ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Б. Сағынтаевпен, Астана қаласы әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы И. Жақсыбековпен және ҚР Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 Комиссары Р.Жошыбаевпен екіжақты кездесулер өтті.

Сапар кезінде Франция Республикасыныӊ Астанадағы "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі, атап айтқанда, Франция павильонын орналастырудыӊ техникалық мәселелері, құрылыс жұмыстарыныӊ мерзімдері, көрме экспонаттарын әкелу бойынша жұмыстардыӊ басталуы, қатысу туралы келісім-шартты жасасу секілді тағы да басқа мәселелер талқыланды. Франция Республикасы секциясыныӊ комиссары Франция Президенті Ф.Олланд атынан бірінші комиссарды тағайындау туралы ресми нотаны табыстап, Қазақстанмен ары қарайғы стратегиялық ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді. Астана қаласы әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы И. Жақсыбеков француздық делегацияға және комиссарға олардыӊ көтерген бастамасы үшін алғысын білдіріп, ынтымақтастық жемісті болады деген сенімін білдірді.

Франция Республикасы секция комиссарын тағайындаған бірінші ел болып отырғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, бұл сапар ЭКСПО-2017 көрмесі тарихындағы секция комиссарыныӊ тұӊғыш сапары болып отыр. Осыған байланысты Франция тарапына павильонныӊ орналасатын жерін бірінші болып таӊдауға мүмкіндік берілетін болады.

Сапар қорытындысы бойынша П.Лоро 2015 жылдыӊ қарашасында Астанада өтетін Халықаралық қатысушылардыӊ екінші жиналысына қатысуға шақырылды.

Франция тарапы көрме кешені аумағында салынайын деп отырған инновациялық нысандарға жоғарғы бағасын беріп, көрмені өткізу елдегі "жасыл" технологиялардыӊ дамуына оӊ ықпалын береді деген үмітін білдірді.

"Біз барлық мәселелерде Қазақстанды қолдаймыз. 2017 жылғы көрмені қабылдайтын қаланы және Олимпиаданы өткізетін елді таӊдау кезінде біз дауысымызды Қазақстанға бердік. Францияныӊ көрмеге қатысуы біздіӊ елдер арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі күшейтпек".

Сондай-ақ, кездесу қорытындысы бойынша қатысу туралы келісім-шартқа қол қою және ынтымақтастықты бекіту мақсатында 2015 жылдыӊ қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Н. И. Назарбаевтыӊ Францияға сапары күтілуде. Сапар кезінде Франция Республикасы павильоныныӊ орналастырылуы және контентпен толтырылуы мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны