25.05.2015, 16:02 3574

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК бюджетке төлем жасау бойынша сала көшбасшысы болып танылды

Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастырушылық комитеті 2013-2014 жылдар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпорындарыныӊ жалпы мемлекеттік рейтингін құрудыӊ аяқталғаны жөнінде жариялады. Бизнес-рейтингте компанияларды тізімдеу мемлекеттік статистиканыӊ ресми деректерініӊ негізінде жүргізіледі.

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - "Астана "ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы мемлекеттік бюджетке төлем жасау бойынша сала көшбасшысы болып танылды. Ұлттық бизнес-рейтинг қорытындысы шығарылғаннан кейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК "Қосылған құнға алынатын салық" өлшемі бойынша өзініӊ санатындағы кәсіпорындар арасында бірінші орынды және төрт салық түріне берілетін орындардыӊ қосындысы бойынша "Жиынтық аталымында" екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастырушылық комитеті 2013-2014 жылдар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпорындарыныӊ жалпы мемлекеттік рейтингін құрудыӊ аяқталғаны жөнінде жариялады. Бизнес-рейтингте компанияларды тізімдеу мемлекеттік статистиканыӊ ресми деректерініӊ негізінде жүргізіледі.

Рейтинг Қазақстан Республикасы кәсіпорындарын қаржы-экономикалық көрсеткіштері негізінде рейтингтеу бойынша тәуелсіз кешенді бағдарлама болып табылады. Оныӊ негізгі мақсаты салықтарды төлеу, әлеуметтік және зейнетақы қорларына аударым жасау және жаӊа жұмыс орындарын құру арқылы еліміздіӊ экономикасына айтарлықтай үлес қосып жүрген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді ынталандыруды көздейді.

"Қосылған құнға алынатын салық" өлшемі бойынша берілеттін рейтингтіӊ алтыны "Астана ЭКСПО-2017" ҰК сала көшбасшысы етіп шығарды. Компания екінші орынды иемденген "Жиынтық аталымы", "Қосылған құнға алынатын салық", "Жеке кіріс салығы", "Корпоративтік кіріс салығы" және "Илеуметтік салық" секілді салықтыӊ төрт түрі бойынша берілетін орындар қосындысымен анықталады.

Аталған рейтингтіӊ кәсіпорынныӊ инвесторлар мен банктер үшін тартымдылығын көрсететінін, серіктестерді кәсіпорынныӊ ахуалы туралы ақпараттандырып, нарықта адал әрі ашық бәсекелестіктіӊ қалыптасуына септігін тигізетінін атап өту қажет.

Қазақстанныӊ Ұлттық бизнес-рейтингі Қазақстан, Ресей, Беларусия, Украина, Грузия және Изірбайжанныӊ рейтингтік ұйымдары кіретін Ұлттық бизнес-рейтингтер одағыныӊ мүшесі болып табылады. Одақ табысты компаниялардыӊ әрқайсысына рейтингте орын бөліп беру арқылы оларды ерекшелеп көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны